Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

20 миллион теңгеге кәдесыйлар сатып алған: Алматы әкімдігі мән-жайды түсіндірді

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, кәдесыйлар Қазақстанға шетелдік инвестициялар тарту үшін алынған. 

20 миллион теңгеге кәдесыйлар сатып алған: Алматы әкімдігі мән-жайды түсіндірді
фото: ашық дереккөз

Алматы әкімдігі 20 миллион теңгеге алынған кәдесыйға қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды Paryz.kz.  

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, кәдесыйлар Қазақстанға шетелдік инвестициялар тарту үшін алынған. 

Дағдарыстан кейін елге экономиканы қалпына келтіру және одан әрі өсуін қамтамасыз ету шеңберінде шетелдік инвестицияларды тарту мәселесі ерекше өзекті болып отыр. Осыған байланысты шетелдік кәсіпкерлерді инвестиция туралы ақпараттандыру және ұсыну үшін инвестициялық іс -шаралар өткізу тиімді. Пандемияға қарамастан, биыл шетелдік инвесторлармен халықаралық кездесулер өткізілді. Осы іс -шаралар аясында кәдесыйларды сатып алуға арналған ойын-сауық шығындарына жоспарланған мемлекеттік сатып алу жүргізілді. Бұл картиналар, шапандар, естелік жиынтықтар және басқалар. Өнімдер отандық өндірушілер мен қаланың қолөнершілерінен сатып алынды, - деп түсіндірді қала әкімдігі.

2021 жылдың алғашқы алты айында инвесторларды тарту бойынша шаралардан кейін Алматыға 460 миллиард теңгеден астам инвестиция салынғандығы айтылады. 

Еске сала кетейік, Осыған дейін БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының экс-басшысы Дидар Смағұлов мемлекеттік сатып алулар сайтында пайда болған лотқа наразылық танытқан еді. Лоттағы ақпаратқа сүйенсек, Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы "Алматыгороформление" ЖШС-мен шарт жасасқан. Техникалық ерекшелікке сәйкес, шарт "кәдесый өнімдерін сатып алу бойынша қызметтер" бойынша рәсімделген.