Әскери ант қабылдады

Оралда ҚР Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінде 200-ге жуық жас сарбаз ант қабылдады.

Әскери ант қабылдады

Бұл рәсім карантинге орай онлайн режимінде өткізілді. Яғни сарбаздардың  ата-аналары мен туған туыстары үшін әскери ант қабылдау шарасы «Instagram» парақшасынан тікелей эфирінен көрсетілді.

-Бүгіннен бастап сіздерге жауапкершілігі мол, маңызды міндеттер жүктеледі. Мен осы бөлімнің командирі ретінде сіздер ол тапсырмаларды адал да абыроймен атқаратындарыңызға толықтай сенемін,- деді шараны ашқан 5517 әскери бөлімінің командирі, подполковник  Ербол Антай.

Содан соң «Батыс» өңірлік қолбасшының орынбасары,  полковник   Павел Ситников шағын баяндамада жасап, Батыс құрамасының құрылу  тарихы мен алда тұрған міндеттер туралы айтып өтті.

       

Жұбан МҰРАТ,

Орал қаласы