Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Елімізде емханаға тіркелу тәртібі өзгерді

Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы 2021 жылы 15 тамызда күшіне енеді.

Елімізде емханаға тіркелу тәртібі өзгерді
фото: ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының жеке тұлғаларды тіркеу ережесіне өзгеріс енгізілді деп хабарлайды Paryz.kz

Бүгінде "электронды үкімет" порталы арқылы тұрғылықты жері бойынша емханаға тіркелуге болады. Адам бұрынғы ұйымның есебінен автоматты түрде шығарылады. eGov-пен тіркелу үшін "Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу" қызметін таңдау қажет.

Емханаға келген кейбір азаматтар бірінші басшының атына жазбаша түрде өтініш жазып, сол медициналық ұйымға тіркеле алады. Олар:

- зейнеткерлер;

- мүгедектер;

- мүгедек баланың заңды өкілдері;

- сотталғандар (комиссия хаттамасы негізінде);

- студенттер мен медресе шәкірттері (оқу орнының басшысы жазған өтініштің негізінде);

- мерзімді әскери қызметшілер;

- шетелде туған балалар; балалар үйі мен қарттар үйінің өкілдері;

- сенімхат бойынша тіркеуге тұратындар;

- ерікті медициналық сақтандыру келісімі бойынша тіркелетіндер.

Бұйрыққа сәйкес, Қазақстанға уақытша келген шетелдіктер, азаматтығы жоқ және баспана іздейтін тұлғалар медициналық қызмет көрсету туралы келісімшарт негізінде емханаға тіркелуі тиіс. Олар да жазбаша түрде өтініш жазады. Ал емханаға тіркелу уақыты келісімшарт мерзімінен аспайды.

Бұдан бөлек, медициналық сақтандыру келісімшарты бар адам өз еркімен емханаға тіркелуге құқылы. Сақтандыру ұйымы да оның атынан өтініш бере алады. Ал отбасы мүшелерін тіркеу үшін олардың жазбаша келісімі болуы қажет. Ерікті медициналық сақтандыру келісімшарты мен жеке құжаттарын әкелуі керек. 18 жасқа толмағандардың жеке басын куәландыратын құжаты жеткілікті.

Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы 2021 жылы 15 тамызда күшіне енеді.