Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Қазақстандық футбол клубы Мессиге шақырту жіберіпті

Еске сала кетейік, кеше атақты аргентиналықтың каталондық "Барселонадан" кететіні расталды.

Қазақстандық футбол клубы Мессиге шақырту жіберіпті
фото: ашық дереккөз

Қазақстандық премьер-лиганың "Тұран" клубы желідегі ресми парақшасында аргентиналық шабуылдаушыға ұсыныс жасады деп хабарлайды Paryz.kz, Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Лео Месси, сізді Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанға шақырамыз! - делінген клубтың жазбасында.

Еске сала кетейік, кеше атақты аргентиналықтың каталондық "Барселонадан" кететіні расталды. Оған біраз клуб қызығушылық танытып жатыр. Олардың қатарында франциялық ПСЖ мен ағылшындардың "Манчестер Ситиі" бар.

"Тұран" ҚПЛ турнирлік кестесінде 18 ұпаймен 12-орында тұр. Ол кестеде соңғы тұрған "Жетісудан" сегіз ұпай жоғары жинаған. Клубтың үздік шабуылшысы Темірлан Әміров төрт гол соққан.