Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

Оралда 6000-нан астам бүлдіршін 1 сыныпқа барады

Жаңа 2021-2022 оқу жылында бірінші сыныпқа ағымдағы күнтізбелік жылдың соңына дейін алты жасқа толатын балалар қабылдануда. Орал  қаласы білім беру бөлімінің мәліметінше,  бүгінгі таңда  6137 оқушы 1-сыныпқа қабылданған. Олардың 3583 – қазақ сыныптарында, 2554 – орыс сыныптарында білім алады. 

Оралда 6000-нан астам бүлдіршін                                                                                                                                                                                                 1 сыныпқа барады
Фото: Томирис Сұлтан

2 тамыздан бастап жаңа оқу жылында 1-сыныпқа қабылданатын балаларға арналған «Балақайлар мектебі» даярлық курстары жүргізілуде. Ал 16 тамыздан бастап білім олқылықтарын жою мақсатында 2-11 сынып оқушыларына арналған «Жазғы мектеп» өз жұмысын бастайды.

Бүгінде барлық қала мектептері жаңа оқу жылында оқушыларды офлайн түрінде оқытуға дайындықтарын бастады. Оқушылар үшін барлық санитарлық талаптар сақталып оқу үрдісі ұйымдастырылатын болады.

2021-2022 оқу жылында қала мектептерінің жалпы контингенті 55 мыңнан астам оқушы болады деп күтілуде.   

 

Томирис СҰЛТАН