Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

Атырауда есірткі сатқан полицейлер сотталды

Сот полиция қызметкерлерін кінәлі деп танып, шеніне айырды. Сонымен қатар 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Атырауда есірткі сатқан полицейлер сотталды
фото: ашық дереккөз

Атырауда №2 қалалық сот мотоцикл дөңгелегіне есірткі тығып, оны тасымалдаған облыстық Полиция департаментінің екі қызметкеріне үкім шығарды деп хабарлайды Paryz.kz, "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап. 

Сот полиция қызметкерлерін кінәлі деп танып, шеніне айырды. Сонымен қатар 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-тармағының 4-тармақшасы ("Лауазымды адам қызмет бабын пайдалана отырып, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау") бойынша жүргізілді.

Айта кетейік,14 ақпанда әкімшілік полицияның "майор" және "капитан" шеніндегі екі қызметкері мотоцикл дөңгелегіне марихуана жасырып, тасымалдағаны үшін ұсталған еді.