Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Арман Шораев бір медальдың құны 75 млн АҚШ доллары тұратынын айтты (ВИДЕО)

Шораевтың пікіріне қарағанда, дамыған елдерде спорт мен мәдениет туралы министрлік жоқ. Сол себепті оны таратып жіберу керек.

Арман Шораев бір медальдың құны 75 млн АҚШ доллары тұратынын айтты (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Юелгілі журналист, қоғам белсендісі Арман Шораев соңғы жылдары олимпиадаға дайындық үшін мемлекеттен бөлінген қаражат туралы сөз қозғап, оны Қазақстанның иеленген медальдарына бөліп берді деп хабарлайды Paryz.kz

Оның айтуынша, бір медальдың құны - 75 миллион АҚШ доллары.

Токиодағы олимиадада үш медальға ие болдық. Бір медальдың құны 75 миллион АҚШ долларын құрап отыр. Соңғы үш жылда Үкімет спортшыларды олимпиадаға дайындау үшін 100 миллиард теңге ақша жұмсады. Ол дегеніңіз 250 миллион доллар. Оны біздің алған медальға бөлсек, осындай сома шығады, - дейді қоғам белсендісі.

Шораевтың пікіріне қарағанда, дамыған елдерде спорт мен мәдениет туралы министрлік жоқ. Сол себепті оны таратып жіберу керек.

Елдегі шаңғы-трамплин кешендері туралы да айтқан Арман Шораев оларды екі миллиард долларға елдегі жүз шақты ғана спортшыға арнап салған екенбіз. Ал Қырғыстан, Тәжіксан сынды мемлекеттердің ішкі жалпы өнім құны осы қаражатпен тең.

Егер тағы бір медаль алсақ, онда бір медальдың құны 65 млн доллар болады. Бұл - барып тұрған ысырап! 65-70 миллион долларға ондай медальдың керегі жоқ, - дейді белсенді.