Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

"Су арқылы бәрін улайды": чатта тараған хабарлама елді дүрліктірді

Айта кетері, ауызсудағы у туралы хабарламалар Ресей мен Қазақстанда кеңінен тарап жатыр.

"Су арқылы бәрін улайды": чатта тараған хабарлама елді дүрліктірді
фото: ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрлігі желіде тараған аудиохабарламаға қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды Paryz.kz

Автор хабарламаны мессенджердегі туыстарының чатына жіберген. Жазба жан-жаққа тарап кеткен. Алайда Stopfake.kz сайты бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Құрметті туыстарым, сіздерге жағымсыз бір жаңалық хабарлағым келіп отыр. Жаңа ғана бір вирусологпен сөйлестім. Ол тікелей вирустармен жұмыс істейді. Бұл ақпаратты құпияда ұстайды екен. Бөтелкедегі су болсын, диспенсер болсын, қандай су болса да, қайнатпай ішпеңдер деді. Су арқылы бәрін улайды, - дейді жазба авторы.   

Оның айтуынша, су арқылы балалар мен жасөспірімдерді улайды-мыс. Сол үшін жансақтау бөлімдерінде балаларға арналған бокстарды да дайындап қойған. 

Жастарды байқаңдар деді. Үйден шығармаңдар. Дүйсенбіден бастапты. Шикі суды ішпеңдер. Бәрін қайнатып отырыңыздар, - деп атап көрсетті ол. 

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті аудиожазбада айтылған мәселені жоққа шығарды.

Бұл - фейк ақпарат. Халықты қауіпсіз ауыз сумен қамту мәселесі комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің ерекше бақылауында және ұдайы назарда, – деді комитет мамандары. 

Айта кетері, ауызсудағы у туралы хабарламалар Ресей мен Қазақстанда кеңінен тарап жатыр. Осы іспетті фейк ақпарат биыл сәуір айында да шыққан.