Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

"Елордалықтарды түнде улайды". Әкімдік желідегі видеоға түсінік берді

Ролик авторы цистерналарда у бар екенін айтып, халыққа қастандық жасау мақсатында әдейі жасалып жатқан әрекет деп көрсетеді.

"Елордалықтарды түнде улайды". Әкімдік желідегі видеоға түсінік берді
фото: видеодан скриншот

Нұр-Сұлтан әкімдігі әлеуметтік желіде тараған шулы видеоға пікір білдірді деп хабарлайды Paryz.kz.

Көптің талқысына түскен видео кадрынан белгісіз сұйықтық құйылған цистерналары бар жүк көлігі мен оның қасында тұрған адамдарды көруге болады. Ролик авторы цистерналарда у бар екенін айтып, халыққа қастандық жасау мақсатында әдейі жасалып жатқан әрекет деп көрсетеді.

Stopfake.kz бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жоққа шығарды деп жазды. Ведомство дерегінше, видеода масалар мен шыбын-шіркейді улау сәті түсірілген.

Дезинсекциялық жұмыстарды "Столичная дезинфекция" ЖШС Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасымен бірлесіп жүргізуде. Зиянкестерді жою жұмыстары кезінде дезинсекторлар адамдар, жануарлар мен өсімдіктер үшін мүлдем қауіпсіз ерітіндіні қолданады. Жұмыстар түнгі уақытта және таңертең жүргізіледі, – деп хабарлады әкімдіктен.