Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Оралда жұқпалы аурулар ауруханасында жұмыс орнын сатқан әйел ұсталды

Полицияға барлығы 70 өтініш түскен. 1991 жылы туған азаматшаның осындай 30 фактіге қатысы бары анықталды.

Оралда жұқпалы аурулар ауруханасында жұмыс орнын сатқан әйел ұсталды
фото: inform.kz

Оралда жұқпалы аурулар ауруханасында жұмыс орнын сатқан алаяқ ұсталды деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Полиция әйелді ұстаған. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, ол жұқпалы аурулар ауруханасында санитарлардың жұмыс орындарын ұсынған. Қызмет құны 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін болған. Адамдар жұмысқа тұруы үшін ақша берген. Тіпті арасында несие алғандар да болған. Алайда жұмысқа тұра алмапты. 

Мен жақсы жалақы төлейтін жұмыс іздедім. Таныстар бос орын барын жеткізді. Жанар маған хабарласып, 150 мың теңге төлеу керектігін айтты. Бұл ақшаны мен пайызбен қарызға алдым. Ол ақшаны алып, бірақ уәдесін орындады. Енді ақша да, жұмыс та жоқ, - деді Орал қаласының тұрғыны Рая Исмағұлова.

Алаяқ әйел барлығы 16 шілдеден бастап жұмысқа шығуы керектігін айтқан. Зардап шеккендер бұл қитұрқы әрекеттің артында жұқпалы аурулар ауруханасы қызметкерлерінің бірі тұр деп санайды. Бірақ мекеме директоры мұны жоққа шығарды. 

Біз арыз жаздық. ІІД өкілдері ешкімге шығын келтірілмегенін айтты, ақша қайтарылған дейді. Кейін алданғандардың өзінен сұрадым. Шын мәнінде алаяқтық дерегі бар. Біреуіне қайтарыпты, ал екіншісіне жоқ. Ол болса несие алған, - деді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметова.

Полицияға барлығы 70 өтініш түскен. 1991 жылы туған азаматшаның осындай 30 фактіге қатысы бары анықталды. ҚР ҚК-нің 190-бабы, 3-бөлігі "Алаяқтық"бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.