Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Маңғыстау облысынан солтүстікке 107 отбасы көшіп кеткен

«Еңбек» бағдарламасы аясында қоныс аударуға ниетті отбасының әр мүшесіне 200 мың теңгеден беріледі.

Маңғыстау облысынан солтүстікке 107 отбасы көшіп кеткен
фото: дереккөз

2017 жылдан бері Маңғыстаудан 107 отбасы ерікті түрде қоныс аударды. Дәлірек айтсақ, 367 адам Павлодар, Қостанай, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны атанды деп хабарлайды Paryz.kz, "Хабар 24"-ке сілтеме жасап. 

Олардың 98 пайызы тұрақты жұмысқа орналасқан. Өздеріңізге мәлім, былтырдан бастап осы аймақтарға көшіп барушылар бірден баспанамен қамтамасыз етіледі. «Еңбек» бағдарламасы аясында қоныс аударуға ниетті отбасының әр мүшесіне 200 мың теңгеден беріледі. Ауылда тұрған жағдайда 15-21, ал қалаға барса 20-30 айлық-есептік көрсеткіш мөлшерінде төлемақы алады. Бұл қаржы үй жалдауға және коммуналдық қызметтерді төлеу үшін 12 ай бойы беріледі. 

Күні кеше 19 шілдеден бастап 23 шілдеге дейін 1 апта бойы Павлодар облысының өкілдері келді. Нәтижесінде, 24 отбасы көшуге ниет білдіріп, қазіргі таңда құжаттарын рәсімдеп жатырмыз, - дейді Жұыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Әсет Шопанов.