Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

Оралда 200-ге жуық жас сарбаз Ант қабылдады

Орал шаһарында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінде 200-ге жуық жас сарбаз Отан алдындағы борыштарын адал атқаруға салтанатты түрде ант қабылдады

Оралда 200-ге жуық жас сарбаз Ант қабылдады

Әскери Ант  қабылдау рәсіміне арналған мерекелік  митингті 5517 әскери бөлімінің командирі подполковник Ербол Антай құттықтау сөзбен ашты. Өз сөзінде Отанымызды қорғау – әрбір азаматтың ең қасиетті борышы екенін, осы орайда әр сарбаз өзіне қойылған жауынгерлік тапсырманы орындауға жан-жақты дайын болуы керектігін жеткізді.

  – Әскери ант қабылдау дегеніміз өз Отанына, Қазақстан Республикасының халқына, және заңды түрде сайланған Президентіне ақтық демі қалғанша адал қызмет ету деген сөз. Бүгіннен бастап сіздерге жауапкершілігі мол, мағызды міндеттер жүктелгелі тұр. Мен осы бөлімнің командирі ретінде сіздерге жүктелген жауынгерлік тапсырмаларды адалда абыроймен атқаратындарыңызға толықтай сенемін, – деді бөлім командирі.

Қазақстанның  түкпір-түкпірінен жиналған  сарбаздардың  ата-аналарымен туған туыстары үшін, әскери ант қабылдау рәсімі  5517 әскери бөлімінің «Instagram» парақшасы арқылы тікелей эфирде көрсетіліп, сарбаздардың ата-аналарының өз балаларының әскери ант қабылдау рәсімін тамашалауға толықтай жағдай жасалды.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 36-ы бабына сәйкес Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті парызы және борышы. Бір айдан астам уақыт  ішінде бөлім басшылығы мен офицерлердің тәлім тәрбиесін, сержанттардың ерен еңбектерін бойларына сіңіріп, әскери өмірдің сыр-сипатымен таныс болған 5517 әскери бөлімінің сарбаздары белгіленген  алты  нүктеде әскери анттың киелі мәтінін жігерлене оқыды.

  Томирис СҰЛТАН