Кеңседе кілтін ұмытып кетіп, жұмыс орнына кіре алмай тұрған әріптесіне Амандық көмекке келіпті.
Жаңаөзенде ешқандай сақтандыру құралынсыз ғимаратқа өрмелеген "Өрмекші адам" желі қолданушыларын таңғалдырды деп хабарлайды Paryz.kz.
Lada.kz хабарлағандай, Амандық Молдағұлов кеңсе ғимаратының үшінші қабатына көтерілген. Ол әріптесіне көмектесу үшін осындай әрекетке барған екен.
Кеңседе кілтін ұмытып кетіп, жұмыс орнына кіре алмай тұрған әріптесіне Амандық көмекке келіпті.
Қабырғаға өрмелеу Амандықтың хоббиі екен, сондықтан ол үшінші қабатқа көтерілу еш қиын болмағанын айтты.
Айтпақшы, оны бала кезінен "Өрмекші адам" деп атайды екен.