Вакцина бағасы қымбаттап кетті

Өндірушілер Еуроодаққа 2 миллиард 100 миллион доза вакцинаны 2023 жылға дейін жеткізу бойынша жасалған келісімшартты қайта қарастырды. 

Вакцина бағасы қымбаттап кетті
фото: ашық дереккөз

Pfizer және Moderna компаниялары коронавирусқа қарсы вакцинаның бағасын қымбаттатты деп хабарлайды Paryz.kz.

«Рейтер» агенттігінің мәліметінше, қымбатшылық тек Еуропалық одақ елдеріне ғана қатысты.

Pfizer 26, ал Moderna-ның бағасы 13 пайызға өскен.

Өндірушілер Еуроодаққа 2 миллиард 100 миллион доза вакцинаны 2023 жылға дейін жеткізу бойынша жасалған келісімшартты қайта қарастырды.