Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, оқиға 29 шілде таңғы 6:10-да болды.
Атыраудың 32 жастағы тұрғыны қалалық прокуратура алдында өзін-өзі өртеп жіберемін деп қорқытты деп хабарлайды Paryz.kz.
Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, оқиға 29 шілде таңғы 6:10-да болды.
Ішімдік ішкен ер адам прокуратура ғимаратының алдына келген. Оның қолында бензин құйылған литрлі пластик бөтелке болыпты.
07.00-де патрульдік полиция азаматты мән-жайды анықтау үшіне Атырау облысының полиция департаментіне жеткізді. Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-тармағы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, - деді полицейлер.
Сондай-ақ ер адамға қатысты "Ұсақ бұзақылық" және "Құқық қорғау қызметкерінің заңды өкіміне бағынбау" баптары бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.