Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Оралда кәріз желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

Орал қаласындағы кәріз желілерінің жалпы ұзындығы – 377  шақырым. 2019 жылғы мәліметке сәйкес, кәріздік желінің 61,3 пайызының тозығы жеткен деп есетелген еді. Кәріз желілерін жаңғыртуда атқарылған жұмыстар нәтижесінде бұл көрсеткіш бүгінде 8 пайызға азайды. 

Оралда кәріз желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

Қала әкімі Абат Шыныбековтың мәліметінше, былтырғы жылы жөндеу жұмыстары бастау алған Шолохов көшесінің бойындағы 6,5 шақырымдық кәріз желісі толығымен ауыстырылды. Саратов тас жолы бойындағы диаметрі 1000 метрлік кәріз коллекторын ауыстыру 2019 жылы басталды. Ұзындығы 4,5 шақырым құбырдың 2 шақырым ауыстырылған. Биыл республикалық бюджет есебінен қосымша қаражат бөлініп отыр. Жыл аяғына дейін қалған 2,5 шақырым құбыр жаңартылады.

Сонымен қатар Зашаған кентіндегі ұзындығы 7,4 шақырым болатын КНС-29-дан КОС-қа дейінгі  500 диаметрлік коллектор ауыстырылды. Ал КНС-19-дан КОС-қа дейінгі коллекторды жаңарту бойынша үш жылдық жоба жүзеге асырылуда. Биыл 19а кәріздік сорғы станциясы жөнделеді. Жалпы 15 шақырымға созылып жатқан құбырдың бүгінде 9,5 шақырымы бойынша жұмыстар аяқталған.

Қала орталығындағы Г.Неусыпов көшесіндегі диаметрі 1200 метрлік кәріз коллекторын жаңартуды былтыр «Батыс су арнасы» ЖШС өз қаражаттарына бастаған болатын. Биыл осы жоба толығымен аяқталады деп күтілуде.

 – Жалпы 33,8 шақырымдағы кәріз желісін жаңарту жоспарланған болса, бүгінде 25 шақырымы бойынша жұмыс аяқталды. Нәтижесінде екі жылдың ішінде тозығы жеткен кәріз желілерін 8 пайызға төмендеттік. Бүгінде  қаладағы тозығы жеткен құбыр 53,3 пайызды құрап отыр, – деді қала әкімі Абат Абайұлы. 

 

Томирис СҰЛТАН