Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Елімізде 15,7 мың шетелдік ресми жұмыс істеп жүр

Еңбек миграттары Қытайдан – 3 782 адам, Өзбекстаннан – 1 953 адам, Түркиядан – 1 633 адам, Үндістаннан – 1 051 адам, Венгрия – 992 адам, 959 Ұлыбританиядан келген. 

Елімізде 15,7 мың шетелдік ресми жұмыс істеп жүр
фото: ашық дереккөз

2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 15 796 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша еліміздің аумағында еңбек етіп жүр деп хабарлайды Paryz.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан мәлімет бойынша, шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар: бірінші санат – 651 (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 281 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Олардың басым бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 600 адам және 410 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 1 939 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде – 1915 адам тартылған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 793 жұмыс беруші бар. Оларда шамамен 484 мың Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 97%-ын құрайды.

Еңбек миграттары Қытайдан – 3 782 адам, Өзбекстаннан – 1 953 адам, Түркиядан – 1 633 адам, Үндістаннан – 1 051 адам, Венгрия – 992 адам, 959 Ұлыбританиядан келген. 

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді. 2021 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31%-ды немесе 29,3 мың бірлікті құраған.