Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

LinkedIn өкілдері Қазақстанда әлеуметтік желінің бұғатталуына қатысты пікір білдірді

Министрлік LinkedIn интернет-ресурсының әкімшілігіне заңбұзушылықтарды жоюды және жойылған тиісті материалдар бойынша шаралар қабылдауды талап ететін хабарлама жіберген.

LinkedIn өкілдері Қазақстанда әлеуметтік желінің бұғатталуына қатысты пікір білдірді
фото: ашық дереккөз

Іскерлік байланыстарды іздеу және орнатуға арналған Linkedln әлеуметтік желісінің басшылығы Қазақстанда интернет-ресурстың бұғатталуына байланысты пікір білдірді деп хабарлайды Paryz.kz.

Біздің желіде құмар ойындарды жарнамалауға, жалған парақшалар ашуға тыйым салатын нақты ережелер бар. Сондықтан қазір тергеу жүргізіп жатырмыз. Басты мақсатымыз - платформаны пайдаланушылар үшін қауіпсіздікті, сенімділікті және кәсіби тәжірибені қамтамасыз ету, - деді компания.

Тағы оқи отырыңыз: Қазақстан билігі Linkedin әлеуметтік желісін бұғаттап тастады

Қолданушылар LinkedIn-ге 26 шілдеден бастап кіре алмаған. 

Талдау барысында LinkedIn интернет-ресурсында интернет-казиноларды жарнамалауға және нақты адамдардың атынан жалған парақша ашуға байланысты бірқатар заңбұзушылық анықталды. Мұндай материалдарды орналастыру Қазақстан заңнамасының талаптарына ғана емес, LinkedIn интернет-ресурсының ішкі ережелеріне де қайшы келеді, - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Министрлік LinkedIn интернет-ресурсының әкімшілігіне заңбұзушылықтарды жоюды және жойылған тиісті материалдар бойынша шаралар қабылдауды талап ететін хабарлама жіберген.