Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

"Шешімді ВАК қабылдайды": БҒМ дәстүрлі оқу форматына көшу туралы айтты

Бұған дейін, 10 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент пандемия мектеп оқушыларының білім сапасына кері әсер еткенін айтқан болатын.

"Шешімді ВАК қабылдайды": БҒМ дәстүрлі оқу форматына көшу туралы айтты
фото: ашық дереккөз

Білім және ғылым министрлігі мектеп оқушыларын білім берудің дәстүрлі форматына көшіруге дайын, бірақ шешімді коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК қабылдайды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Бұл елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Оқушыларды дәстүрлі немесе аралас оқыту форматына ауыстыру туралы шешімді ведомствоаралық комиссия, сондай-ақ бас санитарлық дәрігер қабылдайды. Егер эпидемиологиялық жағдай жақсарса, министрлік дәстүрлі оқыту форматына көшуге дайын. Шешім әлі қабылданған жоқ, сондықтан біз әлі айта алмаймыз, - деді БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев.

Студенттер жаңа оқу жылында ЖОО мен колледждерге бара алатынын айта кеткен жөн. 1 қыркүйектен бастап олар үшін Ashyq жүйесін енгізу жоспарланған.

Бұған дейін, 10 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент пандемия мектеп оқушыларының білім сапасына кері әсер еткенін айтқан болатын.

Ол Үкіметке жаңа оқу жылында оқушылар мен студенттердің дәстүрлі білім беру форматына оралуын қамтамасыз етуді тапсырған еді.