"Проблеманы шеше аламын": Ермахан Ыбырайымов бапкер болуға дайын екен

Естеріңізге сала кетейік, алтынан басты үміткер Бекзат Нұрдәулетов бүгін алғашқы кездесуінде ресейлік Имам Хатаевтан 4-1 есебімен жеңіліп қалды. 

"Проблеманы шеше аламын": Ермахан Ыбырайымов бапкер болуға дайын екен
фото: ашық дереккөз

Бокстан ұлттық құрама мүшелерінің жеңілісіне қатысты Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымов пікір білдірді деп хабарлайды Paryz.kzМalim.kz сайтына сілтеме жасап.

Жекпе-жектерді көрдім. Бәрін бақылап отырмын. Еш нәрсе айтқым келмейді. Мені шұғыл түрде бапкерлер штабына қосу керек. Бас бапкерлікті айтып отырғаным жоқ. Екінші бапкер ретінде алу керек. Сонда мен ұлттық құрамадағы проблеманы шеше аламын, – деді Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бапкері Ермахан Сағиұлы.

Естеріңізге сала кетейік, алтынан басты үміткер Бекзат Нұрдәулетов бүгін алғашқы кездесуінде ресейлік Имам Хатаевтан 4-1 есебімен жеңіліп қалды.