Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Ертіс өзенінің балығын тормен қырып салған браконьер ұсталды

Осы факті ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитетінің бақылауында.
 

Ертіс өзенінің балығын тормен қырып салған браконьер ұсталды
фото: дереккөз

Кеше сағат 22:30-да Балық шаруашылығы комитеті Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Павлодар облысының Май ауданында Ертіс өзенінің «Белая» ағынында рейдтік шаралар өткізу кезінде «Вихрь-25» аспалы моторы бар «Казанка» қайығымен тормен заңсыз балық аулаған С. деген азаматты ұстады деп хабарлайды Paryz.kz

Кемені тексеру кезінде бекіре тұқымдас балықтар табылды, оның ішінде салмағы 4 кг 1 сібір бекіресі және жалпы салмағы 8.8 кг 14 стерлет тәркіленді. 

Балық ресурстарына келтірілген залал 3 469 771 (үш миллион төрт жүз алпыс тоғыз мың жеті жүз жетпіс бір) теңге болды. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін аулау үшін жауапкершілік ҚР ҚК 339-бабында (сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ, пайдалануға тыйым салынған өсімдік немесе жануар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану) үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Осыған байланысты құқық бұзушылық жасалған жерге Павлодар облысы Май аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылып, материалдар қылмыстық іс қозғау үшін берілді.

Осы факті ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитетінің бақылауында.