28.07.2021, 12:03

Ұшақтар елді мекен үстінен дезинфекция жүргізе ме?

фото: firstnewz.ru

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берген.

What‘sApp мессенджерінде Қазақстанда 24 шілде мен 4 тамыз аралығында COVID-19 өршитіні және осыған байланысты қалалардың үстінен ұшақтар дезинфекция жүргізетіні туралы хабарлама тарады деп хабарлайды Paryz.kz

StopFake.kz мәліметіне сенсек, бұл ақпарат – жалған. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берген.

Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Дезинфекциялық заттарды әуе көлігінен бүрку де жоспарда жоқ, – деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.