Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев еліміздегі түрмелерге бейнебақылау енгізілетінін мәлімдеді.
«Түрмелер мен ғимараттарға бейне бақылау енгізуді бастаймыз. Қазір біз олардың санын және техникалық жағдайын есептеуге кірістік», - деді министр.
Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлық бойынша министрлік бірқатар нақты шаралар қабылдап жатыр. Агенттік және азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп, үшжақты жоспар жасалған. Тұрғымбаевтың сөзінше, соңғы 3 жылда сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс саны 33 пайызға азайған.
«Министрлік Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларын орындау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды», - деді Ерлан Тұрғымбаев.