Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Қазақстанда дуальды білім берудің болашағы қандай?

Қазіргі уақытта елімізде бұл бағдарламаға 348 колледж тартылған.

Қазақстанда дуальды білім берудің болашағы қандай?
Дереккөз: newtimes.kz

Қазақстанда дуальды білім беру жүйесін енгізгелі бері, мыңдаған жас мамандар аталған жүйе бойынша білім алып, бүгінде алған білім мен тәжірибелерінің жемісін көруде. Осыған орай, мақаланың бүгінгі санында еліміздегі дуальды білім берудің өзектілігі, сондай-ақ оның болашағы туралы әңгімелейтін боламыз. Білім саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ресми ақпараттарына сәйкес 2012 жылдан бастап, осы күнге дейін еліміздің өңірлерінде 206 мың студент дуальды оқытудан өткен.

Қазақстанға дуальды білім беру не үшін қажет және оны жалпы стандарттық білім беру жүйесіне енгізе ме деген өзекті сұрақтар күн тәртібінде жиі-жиі көтерілетіні жасырын емес.

Бүгінгі таңда отандық кәсіпкерлер мен меценаттар еліміздің өңірлеріндегі жоғары оқу орындары мен колледждердің білім беру деңгейі мен студенттердің дайындық сапасына қанағаттана бермейді.  Сондықтан, бітіруші түлек өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмайтын жастар санатындағы жұмыссыздықтың жоғары пайызында қамтиды. 

Қазіргі уақытта, «оқыту жүйесі еңбек нарығының сұраныстарынан тыс қалып жатыр және қалыптасқан жүйе адамды іс жүзінде жұмысқа дайындамайды», - деп өз пікірін BTS-Education консультанты Бауыржан Әбуовте жеткізген еді.

Аталған мәселені шешу мақсатында елімізде дуальды оқыту жүйесі енгізілген еді. Оған сәйес, студенттер бір мезетте ЖОО/колледжде теорияны оқып, өндірісте практикалық білім ала алады. Айта кетерлігі, бұл жүйе Қазақстанда 2012 жылы енгізілген.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша жоғарыда атап өткеніміздей 206 мың студент дуальды оқытудан өткен. Білім саласында ведомство олардың жыл сайынғы өсуін салыстырмалы есептік көрсеткіштермен ұсынып отыр. Мәселеген, егер 2013 жылы осы жүйе бойынша10 мың студент оқыған болса, ал 2020 жылы бұл көрсеткіш – 58 мың студентті құрады.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сәйкес, дуальды білім беру жүйесінде өндірістік оқыту мен кәсіптік практика көлемі артқан. Білім ордалары оқу уақыты көлемін 80%-ға дейін өзгертуге құқылы болып отыр.   Бұл ретте студенттерге еңбек өтілі есептеледі, сондай-ақ кәсіпкерлермен өндірістік практикадан өтуді қамтамасыз ететін келісімшарттар жасалады (5500-ден астам келісім-шарт жасалған).

Осы орайда, еліміздің өңірлеріндегі жергілікті халыққа оқытудың жаңа тәсілін жаппай ақпараттық-түсіндіру үшін, не істеу керек деген сұрақ туындайды. 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі дуальды оқыту формасын бітіруші түлекті алғашқы күннен бастап жұмысқа орналастыруды және оны жоғары кәсіби деңгейде даярлауға мүмкіндік беретінін мәлімдейді.

Оқытудың жаңа форматы білім беру жүйесін қоғамдағы еңбек нарығынан алшақтату мәселесін шешуге оң ықпалын тигізеді деп күтіліп отыр. Бұған қоса, оқу орындарының еңбек нарығында сұранысқа ие тетіктерді  көрсете отырып, білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысатын жұмыс берушілердің тікелей өздерімен тығыз өзара іс-қимыл жасау есебінен қол жеткізіледі деп тұжырымдауға болады.

Өз кезегінде, BTS-Education консультанты Бауыржан Әбуов Қазақстанда дуальды білім беру жүйесін жақсарту үшін, ең алдымен оқыту жүйесін еңбек нарығына байланыстыру қажет деп санайды.

Сарапшы еліміздің өңірлерінде болашақ мамандарды даярлау белгілі бір аймақтардың қажеттіліктеріне сәйкес жүргізілу қажеттігін жеткізді. Басқаша айтқанда, егер мысал ретінде Қызылорда қаласына сантехниктер қажет болса, бірінші кезекте оларды дәл сол жерде оқыту керек және осы тәжірибені өңірлер бойынша қолдану керек деп есептейді.

Қазақстанда дуальды білім беру жүйесін жүзеге асырудың неғұрлым перспективалы бағыттары – бұл техникалық-технологиялық және ауыл шаруашылығы бейініндегі оқу орындары болып табылады. Осыған байланысты бүгінгі таңда колледждерде дуалды оқыту барынша табысты түрде жүзеге асырылуда, себебі осындай үлгідегі білім беру құрылымдары бастапқыда өндіріске бағдарланған орта буын маманын даярлауды көздейді.

Қазіргі уақытта елімізде бұл бағдарламаға 348 колледж тартылған. Олар Қазақстандағы 1700-ден астам кәсіпорындармен ынтымақтастық орнатқан және оларда 20 мыңнан астам студент дайындықтан өтуде. Жұмыс берушілер осындай колледждерге түсетіндермен келісімшарт жасайды. Осының арқасында студент оқуын аяқтағаннан кейін белгілі бір кәсіпорында жұмысқа орналасатынын біледі, ал өндіріс жетекшісі ұжымға жаңа білікті қызметкер қосылатынына сенімді. Мемлекетаралық  бағдарламалардың арқасында осындай оқу орталықтары ШҚО, Ақмола және Қостанай облыстарында, Қарағанды облысында құрылған.

Дуальды оқытудың қаншалықты тиімді жүйе екендігін шет елдердің тәжірибесінен көруге болады. Мәселен, дуальды оқыту жүйесі – бұл ортағасырлық Германияда танымал болған оқыту моделі деп саналады. Бүгінгі таңда Германияның білім беру институттары мен орталықтарының 50% - дан астамы дуальды оқыту жүйесі бойынша жұмыс істейді. Мұндай бағдарламалар бойынша дайындық 340 мамандық және бейіндер бойынша жүргізіледі. Жыл сайын неміс кәсіпорындарына жұмысқа орналасатын мамандардың 54% — дан астамы - осындай колледждердің түлектері болып табылады.

Қорытындылайтын болсақ, Қазақстанда 2025 жылға қарай техникалық және технологиялық мамандықтар бойынша студенттердің 100%-ын дуальды оқытумен, ал жұмыс орындарында мемлекеттік тапсырыс аясында студенттердің 50%-ын қамту жоспарлануда.