Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Еліміздегі барлық мектепте қоңырау орнына күй ойнату ұсынылды

Мамандардың пікірінше, бұл тек есту арқылы ғана емес, сонымен қатар, Қазақстанның ұлттық дәстүрлері шеңберіндегі тәрбиеге де жағымды әсер етеді.

Еліміздегі барлық мектепте қоңырау орнына күй ойнату ұсынылды
фото: ашық дереккөз

Мектептерде дәстүрлі қоңырауды ұлттық әуен – күйге ауыстыру ұсынылды деп хабарлайды Paryz.kz

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің аппараттық кеңесінде Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев айтты.

Мамандардан дәстүрлі қоңырауды күйлерге ауыстыру туралы ұсыныс түсті. Сабақтың соңында шертпе күй, үзіліс соңында төкпе күй ойнатуды ұсынамыз. Ғалымдар домбыраның дыбысы баланың психикасына жағымды әсер ететінін, ал қатты қоңырау, керісінше, балаларға жағымсыз әсер ететінін атап өтті, – деді ол.

Айта кетейік, Қазақстанның бірқатар мектебінде жүйе енгізілген. Дәстүрлі қоңыраудың орнына мектептерде күй ойнайды.

Мамандардың пікірінше, бұл тек есту арқылы ғана емес, сонымен қатар, Қазақстанның ұлттық дәстүрлері шеңберіндегі тәрбиеге де жағымды әсер етеді.