Полицейлер дереу келіп, оларды тыныштандырған.
Қостанайда такси жүргізушілері жолға таласып қалып, ақыр соңы бір-біріне жұдырық жұмсаған деп хабарлайды Paryz.kz.
Оқиға түскі уақытта Алтынсарин көшесінде болған. Жаға жыртысқандардың видеосы әлеуметтік желілерде тарап кеткен.
Полицейлер дереу келіп, оларды тыныштандырған.
Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы шақырылды. Жедел-тергеу тобы барды. Мән-жайды анықтаған кезде такси жүргізушілері бір-біріне ешқандай талаптары жоқ екенін айтты, - дейді Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желі қолданушылары "Екеуінің салмақтары келмейді", "Дана Уайт контрактқа қол қоюға дайын", "Маска тақпапты ғой", "Нағыз олимпиада", "Олимпиадаға дайындалып жатыр, іріктеу кезеңі" деп әзілдеп жатыр.