Оның айтуынша, барлық мысықтың жағайы өте ауыр.
Алматы маңынан қала тұрғындары елуге жуық мысықты тауып алған деп хабарлайды Paryz.kz.
Марғаулар "Алтын орда" базары маңынан табылған. 26 шілдеге қараған түні мысықтарды жергілікті тұрғындардың бірі тауып алған. Ер адам таңғалғанын жасыра алмай, оқиға орнынан видео түсіріп, әлеуметтік желілерге таратқан.
Кейін ол жерге еріктілер мен зоотехниктер келе бастаған. Олар мысықтарды тексеріп, алып кеткен. Олардың айтуынша, мысықтардың көбі инфекцияға шалдыққан болуы мүмкін, олардың жағдайы нашар.
Адамның дауысына жүгірген мысықтар ешкімді бейжай қалдырмады. Қаланың әр түкпірінен әртүрлі топ өкілдері таңертеңгі сағат екіде бірнеше көлікпен келіп, мысқатрды алуға асықты. Оқиға орнына келгендер таңғалғандарын жасыра алмады. Әртүрлі жастағы 40 мысық табылды. Олардан әрүрлі инфекция табылды. Алты мысықта панлюкопения, ал басқаларында ринотрахеит расталды. Үш ауыр жағдайдағы мысық клиникаға жеткізілді. Қалғандарын таңертеңге дейін Эльмира Муллаходжаева паналатты. Басқа баспаналар да көмек көрсетті. Мұнша көп мысықты емдеу, орналастыру және тіпті тамақтандыру үшін көп ақша қажет. Достар, мысықтарды құтқарайық, - деді еріктілер.
Кейін бұл жағдайға белсенді әрі зоотехник Эльмира Муллаходжаева пікір білдірген. Оның айтуынша, барлық мысықтың жағайы өте ауыр. Сондай-ақ үй жануарларының арасында жаңа туғандары да бар екен.
Онда тағы адамдар жібереміз, өйткені түнде барлық мысықты табу мүмкін болмады. Мүмкін кейбірі қашып кеткен болар. Қазір үш мысықты еріктілер алды. Төртеуін емханаға жібердік, қалғандары менің бақылауымда, оларға пәтер жалдадық, не боларын көреміз. Мысықтар бір ай карантинде болады, - деді ол.
Белсендінің айтуынша, базар саудагерлері мысықтарды көшеге жібере салған. Мұның себебі - оларға күтім жасаудың қымбат болуына байланысты.