Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

ШҚО-да аудан әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды

Басқа мәлімет тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды.

ШҚО-да аудан әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды
фото: ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысы аудандарының бірінде әкім орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлайды Paryz.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті аудандардың бірінің әкімінің орынбасарына қатысты 1 800 000 теңге сомасында, яғни кәсіпкерден айтарлықтай мөлшерде пара алу дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр. Күдікті қамауға алынды, - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі.

Басқа мәлімет тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды. Кінәлілік дәрежесіне байланысты түпкілікті үкімді сот шығарады.