«Бірінші кезекте, елордалық мектепке дейінгі ұйымдар кезекші топ режимінде жұмыс істеуді жалғастыруда. Бүгінде мемлекеттік және жеке меншік балабақшаларда 1912 кешекші топ ашылды. Ондағы балалар саны 22 687 –ні құрайды», - деді Б. Сматаева баспасөз мәслихатында.
Осы орайда ол барлық балабақшалардың жұмысы санитарлық талаптарға сәйкес жүргізіліп жатқанын жеткізді. «Балалардың мектепке дейінгі ұйымға баруы ата-ананың өтініш-келісімі негізінде жүзеге асырылады. Карантин кезеңінде бала мектепке дейінгі ұйымға келмеген жағдайда орны сақталады», - деп нақтылады білім басқармасының өкілі.