Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Карантин: Бүлдіршін балабақшаға бармаған жағдайда орны сақталады

Елордадағы Білім басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Сматаева қаладағы балабақшаларда кезекші топтарда 22 мыңнан астам бала қамтылғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Карантин: Бүлдіршін балабақшаға бармаған жағдайда орны сақталады
Google

«Бірінші кезекте, елордалық мектепке дейінгі ұйымдар кезекші топ режимінде жұмыс істеуді жалғастыруда. Бүгінде мемлекеттік және жеке меншік балабақшаларда 1912 кешекші топ ашылды. Ондағы балалар саны 22 687 –ні құрайды», - деді Б. Сматаева баспасөз мәслихатында.

Осы орайда ол барлық балабақшалардың жұмысы санитарлық талаптарға сәйкес жүргізіліп жатқанын жеткізді. «Балалардың мектепке дейінгі ұйымға баруы ата-ананың өтініш-келісімі негізінде жүзеге асырылады. Карантин кезеңінде бала мектепке дейінгі ұйымға келмеген жағдайда орны сақталады», - деп нақтылады білім басқармасының өкілі.