Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Оралда өгей қызын зорлаған педофилдің анасы кінәні келініне жапты

Судьяның айтуынша, сотталушының кінәсі жәбірленуші мен куәгерлердің сөзімен және бірнеше сараптама нәтижесімен толық дәлелденген.

Оралда өгей қызын зорлаған педофилдің анасы кінәні келініне жапты
фото: ашық дереккөз

Оралда сот педофил әкеге кесілген үкімді өзгеріссіз қалдырды деп хабарлайды Paryz.kz, sputnik.kz-ке сілтеме жасап. 

Айта кетейік, 13 жастағы өгей қызына азғындық жасаған 34 жастағы жігіт 20 жылға сотталған болатын. Бірақ сотталушы мұнымен келіспей, апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Судьяның айтуынша, сотталушының кінәсі жәбірленуші мен куәгерлердің сөзімен және бірнеше сараптама нәтижесімен толық дәлелденген.

Әділ үкім шығарған сотқа алғысымды айтқым келеді. Тергеу ісіне де көңілім толады, - дейді жәбірленуші Самира Дусталиева.

Ал сотталушының анасы үкіммен келіспейтінін айтады. Оның сөзінше, келіні баласына жала жауып, осының бәрін қасақана ұйымдастырған.

Келінім ұлымның қымбат көлігін сатқаннан түскен ақшаны алғысы келді. Бірақ ұлым ақшаны бермеген соң осының бәрін әдейі ұйымдастырды. Осыған дейін өткен сотта ол күйе жағып, жеңіп шықты. Сот үкімімен келіспеймін, қажет болса Жоғары сотқа да барамын, - дейді сотталушының анасы Айсұлу Аймағамбетова.