Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

2020 жылы Қазақстандағы қолма-қол ақшасыз сауда көлемі қанша болды?

Қазақстандағы экономиканың, өнеркәсіп өндірісінің, құрылыс секторы мен қызмет көрсету саласының даму перспективаларын сипаттайтын іскерлік белсенділік индексі былтырғы жылдың қазан айында 48,8 пунктке дейін ұлғайған.

2020 жылы Қазақстандағы қолма-қол ақшасыз сауда көлемі қанша болды?
Дереккөз: 24.kz

Әлемде коронавирус салдарынан орын алған пандемия халықтың денсаулығы ғана емес, жалпы көптеген елдердің экономикасының әлсіреуіне де әкеп соқты. Пандемиядан әсіресе өз қызметін қалпына келтіре алмаған шағын және орта бизнес субъектілері көп мөлшерде зардап шекті. Десе де елімізде аталған қиын кезеңге қарамастан, төтенше жағдай режимінен шыққандар да бар. Қазақстанда бизнеске не серпін бергені жайлы бүгінгі материалда білетін боламыз.

Сәуір айында іскерлік белсенділік индексі 37,2 пункт құрады, ал қазан айында бұл көрсеткіш 48,8 пунктке дейін өсті

Қазақстандағы экономиканың, өнеркәсіп өндірісінің, құрылыс секторы мен қызмет көрсету саласының даму перспективаларын сипаттайтын іскерлік белсенділік индексі былтырғы жылдың қазан айында 48,8 пунктке дейін ұлғайған. Осылайша іскерлік белсенділік индексінің өсуі қатарынан үшінші ай байқалып, шағын және орта бизнес карантиндік шаралардың салдарынан күрт құлдыраудан кейін біртіндеп қалпына келе бастады. Бұл ретте қазан айында өнеркәсіп секторы мен қызмет көрсету саласының кәсіпорындары оң нәтиже көрсете білді. Ал құрылыста 1,5 пунктке аз мөлшерде төмендеу байқалды.

Қазіргі таңда кәсіпорындардың іскерлік белсенділігінің жандануы аясында бизнес-ахуалдың индексі де қалпына келтірілуде. Сөйтіп елдегі сәуір айындағы төменгі көрсеткіштен кейін - 32,5 пунктке дейін индекс біртіндеп қалпына келе бастады, ал қазан айының соңында ол 0-ге жетті.

Электрондық сауда кәсіпкерлерге қалай көмектесті?

Былтыр қауіпті дерттен үрейленген ел тұрғындары, жалпы әлем халқы сауданы интернетте жасауға тырысты. Нәтижесінде электрондық форматта сауда жасайтын кәсіпорындардың табыс көлемі орта есеппен 25%-ға өсті.

Мәселен, Kaspi.kz қолданушыларының саны жылдың басында 6 миллион болса, жыл соңында олардың саны 10 миллионға дейін ұлғайған. Сол сияқты «Мечта» тұрмыстық техникасы интернет-дүкеніндегі тапсырыстар 6 есеге артқан. Сол сияқты Meloman.kz-тің сауда көлемі 3 есеге өссе, ал нарықтың көп саласын қамтитын Wildberries.kz-тегі сауда көлемі 2 есеге артқан.

Осының нәтижесінде, 2020 жылдың қорытындысы бойынша республикадағы электрондық сауда көлемінің өсуі орташа есеппен 40%-ды құрады. Яғни, ақшалай баламада былтыр елдегі онлайн-сауда 1,4 млрд АҚШ долларына жетті. Естеріңізде бола, 2019 жылы бұл көрсеткіш 1 млрд АҚШ долларын құраған еді.

Десе де карантиндік шаралар электрондық саудаға оң әсер еткенімен, жалпы алғанда, елде 3,3 млн жұмысшы немесе экономикалық белсенді халықтың 36%-ы тартылған шағын және орта бизнес ауыр соққы алды. Бұл дегеніміз шағын және орта бизнес субъектілерінің 80%-ға жуығы қаржылық жағынан дәрменсіз болып қалды деген сөзді білдіреді.

Сондықтан қазақстандық бизнесті әлсіретпей, керісінше оған қолдау көрсету  үшін, Үкімет дағдарысқа қарсы бірқатар шараларды қабылдады.

Шағын және орта бизнесте қолма-қол ақшасыз сауда жүргізу көрсеткіші қандай болды?

Былтырғы жылы шағын және орта бизнесті құтқаруда елдегі банктер маңызды рөл атқарды. Біріншіден, елдегі екінші деңгейлі банктер бизнес үшін қолданыстағы несиелер бойынша кейінге қалдыруды қамтамасыз ете алса, екіншіден, олар ұйымдарға жаңа жеңілдетілген несиелермен қолдау көрсетті.

Айта кетерлігі осы мақсатта мемлекет 800 млрд теңге көлемінде қаражат бөлген еді. Бұл ретте қарыз алушы – шағын және орта бизнес субъектісіне 3 млрд теңгеден аспайтын, ал жеке кәсіпкер үшін 50 млн теңгеден аспайтын деңгейде несие беру лимиті белгіленді.

Аталған бағдарламаны банк секторы активтерінің сапасын тәуелсіз бағалаудан (AQR) өткен он екі қазақстандық банк жүзеге асырды. Соңғы деректер бойынша, атап айтқанда 2020 жылғы 18-ші қарашада банктер 567,4 млрд теңге сомаға 2 311 өтінім қабылдаған.  Осылайша 1 370 шағын және орта бизнес субъектілеріне 455,3 млрд теңге сомасында несие берілген. Оның ішінде 101,6 млрд теңгесі бұрын берілген қарыздарды өтеуден түскен ақша есебінен берілген.

Сонымен бірге, Қазақстанда «қарапайым заттар экономикасы» деп аталатын бағдарлама іске қосылды. Бүгінде ол маңызды жобаларға несие беру тетіктерін жүзеге асырылуда. Бағдарлама талаптарына сәйкес, банктер өңдеу секторында, агроөнеркәсіптік кешенде және қызмет көрсету саласында түрлі жобаларға несие беруде.

Аталған бағдарлама аясында қарыз алушылар үшін сыйақы мөлшерлемесі 5%-6%-ды ғана құрайды, ал инвестициялық мақсаттарға бағытталған несиелік ресурстар 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бұдан мемлекеттің мұнай бағасының құлдырауынан кейін экономиканың шикізаттық тәуелділігін төмендетуге деген ұмтылысы ерекше өзектілікке ие болғанын аңғаруға болады.

Инвестициялар шағын және орта бизенске қаржылық жағдайды жақсартуға көмектесті

Былтыр республикадағы қолданыстағы карантиндік шаралар шамамен 1 млн шағын және орта бизнес субъектісіне кері әсер еткенін атап өту керек. Бұл ретте олардың қаржылық жағдайы нашарлап, елде іске қосылған жеңілдетілген несие беру бағдарламасы шағын және орта бизнестің қаржылық тұрақтылығын қалпына келтірумен қатар, олардың несие алуының артуына алып келеді. Осылайша 2020 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша, заңды тұлғаларға несие беру көлемі жыл басынан бері 318,9 млрд теңгеге дейін ұлғайған.

Қазақстандықтарға капиталды ұлғайтуға мүмкіндік беретін неғұрлым тиімді қаржы құралдарыи, атап айтқанда, даму банктері, инвестициялық банктер, қор биржалары, венчурлік қор арқылы тартуға болатын инвестициялар болып табылады. Мұндай қаржы институттары жаңа жобаларға инвестиция салып қана қоймай, жұмыс істеп тұрған компанияларға өздерінің дамуына қаражат тарту үшін капитал нарықтарына шығуға жол ашпақ.

Мәселен, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы жұмыс істеген екі жыл ішінде 2,5 млрд АҚШ доллары көлемінде елге табыс әкелді. Ал оның қатысушылары қазақстандық түрлі жобаларға 444 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйды.

Өз кезегінде, инвестициялар ақша қаражатын тартып қана қоймай, тауарлар мен қызметтерді өткізу аумағын кеңейтуге, сондай-ақ компанияның бизнес-процестерін жақсартуға мүмкіндік беретінін ескерген абзал.