Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Қазақстанда электрондық саудаға сұраныс артқан

Бұл ретте бөлшек электрондық сауда әлемде де, Қазақстанда да қарқынды түрде дамып келе жатқандығын атап өткен абзал.

 

Қазақстанда электрондық саудаға сұраныс артқан
Дереккөз: kapital.kz

Қазақстанда сауда нарығы бүгінде жаңа кезеңді бастан кешіруде. Былтырғы жылы елде локдаун мен карантин талаптары күшейтілгеннен кейін, бөлшек саудамен шұғылданатын сауда ойыншылары дәстүрлі саудадан, электрондық саудаға басымдықты бере бастаған. Осылайша интернетте сауда жасау көлемі ұлғайып, тұтынушылардың басым көпшілігі сауданы тек электронды түрде жасауға көшкен.

Cарапшылардың пікірінше, бүгінде адамдарда халықтың күнделікті әдеттері мен қажеттіліктерін анықтайтын жаңа сана қалыптасуда.

Интернеттегі онлайн-сауда көлемі  күрт өсті

Электрондық сауда нарығының көлемі 2020 жылы 2019 жылмен салыстырғанда 82% - ға, 327 млрд теңгеден 596 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Сол сияқты бір жыл ішінде онлайн-транзакциялар саны 20%-ға өскен. "Бұл ретте мұндай сатып алулар арасында орташа чек теңгемен 52%-ға ұлғайғанын атап өткен жөн", - дейді мамандар.

Былтырғы жылы елде қалыптасқан тағы бір трендтердің бірі - адамдар интернет арқылы электроника және тұрмыстық техника сияқты қымбат заттарды онлайн жасай бастады.

Тауарларға тапсырысты онлайн беру көлемі ұлғайды

Сарапшылардың айтуынша, электронды сайттар арқылы тауарларға тапсырыс беру ыңғайлы және жылдам дамуда. Енді олар қазақстандықтардың бір бөлігі онлайн-тапсырыстарға басымдық беретінін атап өтті. "Шектеулердің ішінара алынып тасталуына қарамастан, 2020 жылдың үшінші тоқсанында онлайн-сатып алулардың өсуі жай ғана сақталып қана қоймай, сонымен қатар тоқсан сайынғы максималды 65%-ға жетті. Сатылымның едәуір өсуі, ең алдымен, 2020 жылдың үшінші тоқсанында кейінге қалдырылған сұранысты жүзеге асырумен, тұтынушылардың басқа карантиндік шараларды сақтай отырып, әлеуметтік алыстауды жалғастыруға деген ұмтылысымен байланысты. ", - дейді мамандар.

Электронды саудада қызмет көрсету сапасы жоғарылаған

Қазақстандағы e-commerce нарығының дамуына қатысты ойларымен нарық қатысушылары да бөлісті. Мәселен, Kaspi.kz тұтынушылар тарапынан интернеттегі тауарға деген сұраныстың артқанын алға тартады.

Ал Mechta.kz дүкені сатып алушылардың интернет-дүкендерге сенімі артқанын айтады. "Бұған дейін тек офлайн режимде сатып алған клиенттер енді сенімсіздік кедергісін жеңіп, онлайн режимде тауарларды сатып ала бастады, бірақ сонымен бірге көптеген адамдар сатушымен тікелей қарым-қатынас болғанын қалайды. Кеңес беру және тауарды таңдау кезінде олар жаңалықтармен, пікірлермен алмасуы мүмкін. Сол себепті офлайн сауданы жоққа шығармаймыз", - деп атап өтті дүкенде.

"Леруа Марлен Қазақстанда" интернет-дүкенінде де 2020 жыл Қазақстандағы бөлшек электрондық коммерция нарығы үшін табысты жыл болғанын атап өтеді.

Электрондық сауда нарығына қатысушылар 2021 жылы электрондық бөлшек сауда нарығында қандай трендтер байқалатынын айтты. "Келесі жылы тек онлайн және маркетплейстер арқылы ғана сауда жасайтын кәсіпкерлер саны артады. Олардың көпшілігі өздері үшін жаңа деңгейге шығып, өз ассортиментін кеңейтетін болады", - дейді Kaspi.kz. өкілдері.

Mechta.kz 2021 жылы электрондық коммерция нарығының ойыншылары арасындағы бәсекелестік күшейеді дейді.

Сондай-ақ, нарық қатысушылары Қазақстандағы бөлшек электрондық сауда дамуы кезінде қандай кедергілер туындауы мүмкін екендігімен бөлісті. "Бұл нарықтың дамуы үшін мобильді интернеттің сапасын жақсарту қажет. Қазірде Қазақстанның жекелеген өңірлерінде интернет сапасы әлі де төмен. Бұл нарықты дамыту үшін инфрақұрылым логистикасын кеңейту және курьерлік және логистикалық компаниялардың санын арттыру қажет", - деп атап өтті Kaspi.kz өкілдері.

Cонымен бірге Қазақстандағы e-commerce нарығының ірі ойыншыларының кім екені анықталды. Олардың қатарында Mechta.kz, Сулпак, Kaspi.kz, "AliExpress Ресей", Қазпошта және т.б. бар. Сондай-ақ, 2020 жылдың I тоқсанында 2019 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда сату теңгемен 47% - ға және доллармен тиісінше 42% -ға өскені байқалады. Ал, 2020 жылдың II тоқсанында теңгемен сату 2020 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда бөлшек электрондық сауда нарығында 34%-ға өскен. Бұл 113 млрд теңгені құрады, бірақ орташа чек доллармен 4%-ға азайды.

E-commerce секторы тұтынушыларының саны талданып отырған кезеңде артқаны анық. Бірақ сатып алудың орташа сомасының аздап төмендеуі байқалады (51 доллардан 49 долларға дейін). Мүмкін, бұл сатып алу қабілетінің төмендеуіне, сатып алудағы артықшылықтардың өзгеруіне байланысты (олар артықшылықты емес, қажеттілікті басшылыққа ала бастады). Сол сияқты 2020 жылдың II тоқсанында 2019 жылдың II тоқсанымен салыстырғанда онлайн сатып алуға байланысты транзакциялар саны 16%-ға өскен. 2020 жылдың III тоқсанында 2020 жылдың III тоқсанымен салыстырғанда электронды сауда секторында жергілікті және шетелдік валютада айтарлықтай 65%-ға артқан. Осылайша, электрондық коммерция нарығы III тоқсанда 186 млрд теңгеге жеткен.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) мәліметтері бойынша, COVID-19 дағдарысы жаңа фирмаларды, клиенттерді және өнім түрлерін құру бағытында электрондық сауданың таралуын едәуір жеделдетті.

Қазақстанның e-commerce нарығы 2020 жылдың 9 айында қарқынды дамыды. Бірақ, көптеген респонденттердің пікірінше, елде электрондық коммерцияның ену деңгейі әлі де төмен.