Жамбыл облысы денсаулық сақтау саласында қандай оң өзгерістер бар?

Облыста медициналық мекемелердің медициналық техникамен жарақтандырылу деңгейі – 85,1%-ды құрап 29,5%-ға өсті, 2020 жылы бұл көрсеткіш - 65,7%-ды құраған еді.

Жамбыл облысы денсаулық сақтау саласында қандай оң өзгерістер бар?
Дереккөз: abai.institute

Қазақстанда коронавирус індеті таралып, өңірлерде эпидахуал нашарлағанымен, облыстардың денсаулық сақтау саласында бірқатар жұмыстар атқарылып жатқандығын атап өткен жөн. Осы орайда paryz.kz тілшісі Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы Қалиев Әсет Әскерұлымен сұхбаттасқан еді.

Әсет Әскербекұлы, алдымен өңірдегі эпидахулға тоқталып өтсек? Жалпы Жамбыл облысы бойынша бүгінде науқастанған азаматтар саны қанша?

Мониторингке сәйкес, 2021 жылдың 21 шілдедегі ақпарат бойынша облыс аумағында жалпы COVID-19 індетінің 10 999 жағдайы тіркелді, бұл 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдылық көрсеткіші 966,0 құрады. Пневмонияның – 5387 жағдайы тіркелген (100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш473,1).
Өткен тәулікте КВИ-дың 105 жағдайы (тәуліктің өсім 0,9%), Пневмонияның 17 жағдайы (тәуліктің өсім 0,3%) тіркелді. 9868 азамат сауығып шықты. КВИ-дан 85 өлім оқиғасы тіркелді.
Ал, ағымдағы жылдың 21 шілдеге сағат 07:00-дегі ақпарат бойынша инфекциялық стационарларда (2545 төсек орын) – 1488 (төсек орындар 58%-ға толтырылған), оның ішінде 92 реанимацияда (240 төсек орындар 38%-ға толтырылған) науқас ем қабылдауда.
Карантиндік стационарларға 64 тұлға (170 төсек орындардың толуы 38%) орналастырылған.

Бүгінде елімізде тұрғындарды КВИ-ға қарсы вакцинамен егу жұмыстары жаппай қолға алынуда. Қазіргі таңда өңір бойынша жалпы екпе алған адамдар саны қанша болып отыр?

Жалпы облыс бойынша 23 АМСК ұйымдарында 43 егу пункттері бар, олардың ішінде 15 қалада, 28 аудандарда орналасқан. 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап облысқа 10 000 доза QazCovid-in – отандық вакцина (5000 адамға), 238 300 доза Спутник V вакцинасының 1 компоненті және 173 425 доза 2 компоненті, 60000 доза (30 000 адамға) Хаят Вакс вакцинасы келді, 34 000 доза (17 000 адамға) КоронаВак вакцинасы келді. Жалпы өсіммен 266 139 тұлға 1-ші компонентімен, оның ішінде 4 998 тұлға отандық, 214 260 тұлға Спутник V, 29 911 тұлға Хаят Вакс вакцинасымен және 16 970 тұлға КоронаВак вакцинасымен екпе алды. Оның ішінде 18 001 (6,8%) медицина қызметкерлері, 33 552 (12,6%) білім беру мекемелерінің қызметкерлері, 18 733 (7%) арнайы күш қызметкерлері, 6 242 (2,3%) мемлекеттік қызметкерлер және де 189 611 (71,2%) басқа да тұлғалар бар. Сол сияқты 2-ші компонентімен өсіммен 148 774 тұлғаға екпе жүргізілді. Егуден кейінгі асқынулар тіркелген жоқ. Бүгінгі күнге отандық вакцинаның 2, Хаят Вакстың 0 дозасы, Спутник V 1 компоненттің 24 040 2 компоненттің 64 581 дозасы қалды, КоронаВактың 30 доза 1 тур, 2 тур – 5 567 доза. Облыс бойынша 18 жастан жоғары 582 000 адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялауға жатады деп жоспарланып отыр.

Облыстың дәрігерлермен қамтамасыз етілу көрсеткіші жөнінде не айтасыз? Өңірде мамандар тапшылығы мәселесі бар ма?

Жамбыл облысы бойынша барлығы - 14610 медицина қызметкерлері бар. Оның ішінде 3150 дәрігер, 11460 орта медицина қызметкерлері екенін атап өткен абзал. Сонымен бірге мемлекеттік ұйымдарда - 12434 медицина қызметкері болса, олардың арасында 2470 дәрігер, 9964 орта медицина қызметкерлері, жекеменшік ұйымдарда - 2176 медицина қызметкерлері болса, олардың 680-і дәрігер, 1496 орта медицина қызметкерлері бар. 2020 жылы келген жас мамандардан республикалық бюджет есебінен тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – 1500 ЕАК аспайтын сомада бюджеттік кредит алуға – 2 маман алды (Шу АОА-1, Жуалы АОА-1), 3 маман құжаттарын өткізді (Қордай-3), 100 ЕАК тең сомада көтерме жәрдемақыны 10 жас маман алды (Жамбыл-1, Жуалы-1, Т.Рысқұлов-3, Мойынқұм-3, Талас-1, Шу-1), 18 жас маман құжаттарын өткізді (Байзақ-4, Жамбыл-3, Қордай-4, Мойынқұм-1, Талас-6). Сондай-ақ былтыр облысқа келген 13 жас маман тұрғын–жаймен қамтамасыз етілді, оның ішінде 12 маманға қызметтік үй (Жуалы-2, Сарысу-3, Талас-7), 2 маманның үй жалдау ақысы мекеменің есебінен төленуде (Психикалық денсаулық орталығы-1, Шу АОА-1). Одан бөлек, аудан әкімдігі тарапынан 6 жас маманға (Жамбыл-5, Шу-1) коммуналдық төлемге көмек көрсетілді. Бұл ретте, облысқа жас мамандарды тарту жұмысы одан ары да өз жалғасын таппақ. Осы орайда, жергілікті билікпен бірлесіп, медициналық ұйымдардың басшылары кадрларды тарту бойынша жұмыс жүргізуі қажет, сондай-ақ жұмыс орындарын тартымды етіп, оның ішінде жалақысын, әлеуметтік қолдау шараларын ұйымдастырып, мамандарды тарта білулері тиіс. Ал бос орындарды enbek.kz электрондық еңбек биржасы порталында жариялап, жұмысты ұйымдастыра білу керек. Ал дәрігерлер тапшылығы мәселесіне келер болсақ, облыста былтырғы жылмен салыстырғанда (2020 жылдың 1 қаңтарына 359 болса, 2021 жылдың 1 қаңтарына 259) тапшылық деңгейі төмендеп, бүгінгі күні ол 248-ді құрап отыр болды. Атап айтқанда, Тараз қаласы бойынша облыстық көп бейінді балалар ауруханасында 31 бірлік, облыстық көп бейінді ауруханасында 25, қалалық көп бейінді ауруханасында 29, №5 қалалық емханада 11, №2 қалалық емханада 10, психикалық денсаулық орталығында 9, №7 қалалық емханада 7, облыстық фтизиоорталықта 6, №6 қалалық емханада 6 бірлік. Аудандар бөлінісінде, Шу ауданы бойынша орталық ауруханада 15, Шу қалалық емханада 13 бірлік, Шу қалалық ауруханада 2 дәрігер тапшылығы бар, Жамбыл ауданында 14, Мойынқұм ауданында 9, Талас ауданында 8, Қордай, Меркі, Байзақ аудандарынада 7 бірліктен, Т.Рысқұлов ауданында 6, Сарысуда 2, Жуалыда 1 дәрігер тапшы.

Әңгімеңізге рахмет!