Қазақстанда пандемия басталғалы бері бір жылдан асты: Не өзгерді?

Уақтылы медициналық көмек көрсету үшін қалаларда 16 модульдік аурухана салынды және 3 инфекциялық аурухана қайта жаңартылды, сондай-ақ 63 амбулаториялық-емханалық ұйым пайдалануға берілді.

Қазақстанда пандемия басталғалы бері бір жылдан асты: Не өзгерді?
Дереккеөз: Strategy2050.kz

Қазақстанда коронавирустық инфекция табылған алғашқы күннен бастап бүгінде бір жарым жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт аралығында ел тұрғындары тарапынан еліміздің денсаулық сақтау саласына сын айтылса да, қазақстандықтардың денсаулығына жауап беретін басты мемлекеттік орган тұрғындар үшін, бар жағдайды жасауда. Пандемия басталғалы бері аталмыш салада не өзгерді? Бүгіннің батырлары атанған медицина қызметкерлері індетпен қалай күресті? Осы және өзге де сауалдардың жауабын бүгінгі материалдан білетін боласыздар.

Егер әлемге індет тараған күннен бастап көз жүгіртсек, Джонс Хопкинс Университетінің мәліметі бойынша, 2021 жылдың 11 наурызындағы жағдай бойынша, планетада коронавирус 118 006 153 адамда анықталды. Оның ішінде 2 619 676 науқас инфекциядан және туындаған асқынулардан қайтыс болды. Қазіргі уақытта барлық дерлік елдер мен континенттер, соның ішінде Антарктида да инфекция бар екені анықталды. Бір жыл ішінде пандемия жұқтырғандардың жалпы саны мың есе өсті. Инфекцияның ең көп жағдайлары АҚШ, Үндістан және Бразилияда болды. Сонымен қатар, әлемнің 21 елінде миллиондаған азаматтардың індетті жұқтырғаны расталып отыр.

Қазақстанға келетін болсақ, біздің елімізде коронавирусты жұқтырудың алғашқы жағдайлары 2020 жылғы 13 наурызда Германиядан ұшып келген екі қазақстандықта анықталды. Дәл осы күннен бастап мемлекетте барлық мерекелік, спорттық, мәдени іс-шараларға, конференцияларға, семинарлар мен көрмелерге жаппай тыйым салынды, оқушылар демалысқа, ал ЖОО-лар қашықтан оқу режиміне өтті. Ал 2020 жылдың 16 наурызында Мемлекет басшысы елде төтенше жағдай режимін енгізді.

"Осы уақыт ішінде Қазақстан да, бүкіл әлем сияқты көптеген қиыншылықтардан өтті. Мемлекет азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін батыл шаралар қабылдады. Төтенше жағдай кезінде табыс көзінсіз қалған адамдар қаржылық және басқа да көмек алды. Бірліктің, өзара қолдаудың арқасында біз пандемияның аса өткір кезеңін еңсере алдық", - деп еске алды Қазақстанда індет басталған күнді мемлекет басшысы.

Осы қиын жыл ішінде мемлекеттік биліктің барлық органдары қазақстандықтарды қорғау бойынша орасан зор жұмыс жүргізді. Коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күреске мемлекет 114 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.

Уақтылы медициналық көмек көрсету үшін қалаларда 16 модульдік аурухана салынды және 3 инфекциялық аурухана қайта жаңартылды, сондай-ақ 63 амбулаториялық-емханалық ұйым пайдалануға берілді.

Сондай-ақ халықты дәрілік препараттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету бойынша бірқатар шаралар қабылданды.

"64 оттегі станциясы пайдалануға берілді, медициналық ұйымдардың ӨЖЖ аппараттарына қажеттілігі толық қамтамасыз етілді (3264 бірлік). 185 аудандық аурухана 100% рентгендік диагностикалық жабдықпен жабдықталған", - деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой кезекті алқа отырысында.

Ол жедел медициналық жәрдем қызметі 1 367 бірлік автокөлік сатып алу арқылы күшейтілгенін, жылжымалы медициналық кешендер паркінің 100% жабдықталуына қол жеткізілгенін атап өтті.

"2020 жылы денсаулық сақтау саласына инвестиция өсімі 302,5 млрд теңгені құрады. (2019 ж. – 124,6 млрд.теңге ), бұл 2019 жылдың көрсеткішінен 2,5 есе жоғары", - деді министр.