Оралда жеке балабақшалар үлесі артып келеді

Бүгінде Орал қаласында 3-6  жастағы балғындар мектепке дейінгі ұйыммен 100 пайыз қамтылып отыр. 1-6 жастағы балғындардың қамтылуы – 75,5 пайызды құрайды.

Оралда жеке балабақшалар үлесі артып келеді

Орал қаласында 2020-2021 оқу жылында 142 мектепке ұйым жұмыс жасады. Білім бөлімінің мәліметінше, оның 50-і – мемлекеттік, 68-і – жеке балабақшалар, қалғаны мектеп жанындағы шағын орталықтар мен мектеп-балабақша. Жалпы 16 193 бала қамтылған.

2021-2022 оқу жылына 21 кәсіпкер мемлекеттік тапсырыс алуға өтініш беріп отыр. Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бағдарламасы арқылы балаларды қамту 1730 орынға ұлғаяды деп күтілуде. Оның ішінде 12-сі жаңадан ашылып жатқан балабақшалар. Олар 1044 орынға өтінім берсе, 9 кәсіпкер 689 орын бойынша кеңейтуге арыз білдірген.

Қала бойынша 3-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту 100 пайызды құрайды. Ал ең маңызды мәселе – 2-3 жастағы балаларды балабақшамен  қамту және тәрбиешілерді дайындау.

Томирис СҰЛТАН