Прямая трансляция

Астана

Астана

2°C

"Алюминий Қазақстан" АҚ-ға айыппұл салынды

Оған «Павлодарские тепловые сети» ЖШС-ның жылу энергиясын беру температурасының берілген кестеден ауытқуы бойынша «Алюминий Қазақстан» АҚ-ға жазған хаты негіз болған. 

"Алюминий Қазақстан" АҚ-ға айыппұл салынды
фото: ашық дереккөз

Павлодарда «Алюминий Қазақстан» АҚ-ға 12 млн теңге көлемінде айыппұл салынды деп хабарлайды Paryz.kz, inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті «Алюминий Қазақстан» АҚ қызметіне «Табиғи монополиялар туралы» заң аясында және реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың Үлгілік шарт нормаларының сақталуы бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізген. Оған «Павлодарские тепловые сети» ЖШС-ның жылу энергиясын беру температурасының берілген кестеден ауытқуы бойынша «Алюминий Қазақстан» АҚ-ға жазған хаты негіз болған. 

Жоспардан тыс тексеріс барысында «Алюминий Қазақстан» АҚ тиісті сападағы жылу энергиясын өндіру міндетін толық сақтамағаны, әрі Үлгілік шарттың 15-тармағының 4) тармақшасының бұзылғаны анықталды. Департамент «Алюминий Қазақстан» АҚ-ға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 164-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғады, - деп жазылған хабарламада.

Сот қаулысы бойынша «Алюминий Казахстана» АҚ-ға 12 млн 251 мың 400 теңге көлемінде айыппұл салынып, компания әкімшілік жауапкершілікке тартылған.