Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Сапарбаев Назарбаев ескерткіштері туралы: "Жас ұрпақ елбасын білуі керек..."

Елбасына арнап Астанада және Түркістанда орнатылған ескерткіштер туралы сөз болғанда облыс әкімі мұны қолдайтынын жеткізді.

Сапарбаев Назарбаев ескерткіштері туралы: "Жас ұрпақ елбасын білуі керек..."
фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың Nartay Aralbayuli ютуб арнасында сұхбаты жарияланды. Сұхбат барысында қуаңшылық, қымбатшылық, жұмыссыздық, вакцина, Елбасыға қойылған ескерткіштер туралы айтылды деп хабарлайды Paryz.kz, Orda.kz-ке сілтеме жасап. 

Бердібек Сапарбаев сұхбат басында саяси қызметіндегі қолдаушысы туралы айтты.

Біріншіден, менің мансабым бірден өрге қарай кетті деп айта алмаймын. Мен қаржы министрлігінде 11 жыл жұмыс істедім. Қатардағы экономистен бастап, қаржы бөлімінің орынбасары болдым. Барлық баспалдақтардан өттім.

 

Екіншіден, маған ешкімнің көмегі болған жоқ. Әкем мен шешем қарапайым жұмысшылар. Мен өзімнің тағдырыма ризамын. Қаржы министрлігінде жұмыс істеген кезімде өте жақсы ұстаздар кездесті, – деді Жамбыл облысының әкімі.

Елбасына арнап Астанада және Түркістанда орнатылған ескерткіштер туралы сөз болғанда облыс әкімі мұны қолдайтынын жеткізді. Айтуынша, өсіп келе жатқан ұрпақ Елбасын білуі керек.

Әркім әртүрлі айта береді. Менің ойымша, бұл дұрыс. Өйткені, біз болашақты ойлауымыз керек. Өсіп келе жатқан ұрпақ білуі керек. Басқа мемлекеттерде де қойылып жатыр. Бізде неге болмасқа? – деді Сапарбаев.

Әкеңіздің құрметіне ауылдың аты беріліпті. Оған сіздің қандай қатысыңыз бар?

Менің әкем сол ауылдың қарапайым адамы. Ол жердегі халық Өзбекстаннан көшіп келгендер. Ол ауылдың бұрынғы аты «Политотдел» болатын. Сол ауылды әкем көтерген еді. Мен «қойыңдар, ауылға атын беруге болмайды. Бәлесіне мен қалам» деп айттым. Халық екі-үш рет осы мәселені көтеріп, кейін ауданның, облыстың басшылары қолдап, осылай қойды. Менің қатысым жоқ, ол уақытта басқа жерде жұмыс істейтінмін, – деді Сапарбаев.