Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

"Су да, жарық та жоқ": 4 ай бұрын жаңа пәтерлерге кірген өскемендіктер наразы

Пәтер иелері Өскемен қаласының әкіміне хат жазды. Олардың айтуынша, егер мәселе жақын арада шешілмесе, олар аулада от жағып, сол жерде тамақ пісіре бастайды. 

"Су да, жарық та жоқ": 4 ай бұрын жаңа пәтерлерге кірген өскемендіктер наразы
фото: видеодан скриншот

Өскемендегі жаңа 9 қабатты үйдің тұрғындары төрт ай бойы жарық пен сусыз тұрып жатыр. Ол аздай дәретханаға далаға барады екен деп хабарлайды Paryz.kz, Aibat жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

Күнделікті тұрмысқа қажет заттардың болмауына байланысты көптеген отбасы басқа пәтерлерді жалға алып, алған пәтерлерінің ипотекасын қатар төлеуге мәжбүр. Мердігер компания адамдардың проблемаларына өзін кінәлі деп санамайды.

Әсел Алмазиева ай сайын ипотека үшін 102 000 теңге төлейді. Ал пәтерде өмір сүруге арналған еш жағдай жоқ. 

Көріп отырғаныңыздай, бізде жарық жоқ, су берілмеді. Біз дәретханаға көшеге барамыз, өйткені су жоқ және оны көшеден тасимыз, - дейді Әсел.

Тұрғындар суды бұлақ деп аталатын жерден алатын көрінеді. Бірақ оның қайдан ағып жатқанын және ішуге жарамдылығы жөнінде ешкім білмейді.

Біз сол жерден су алып, өз пәтерлерімізге көтерілеміз. Мәселен мен бесінші қабатта тұрамын, - дейді үйдің тұрғыны Анар Сәдуақасова.

Жаңа 9 қабатты үйдің бір шаршы метрі 250 мың теңге тұрады.

Үй ақауы бар күйінде берілді. Біз мүлік иелерінің бірлестігін маусым айында тіркедік. Қазіргі уақытта мердігерлер мен құрылыс бөлімінен ілеспе құжаттар болмағандықтан, электр энергиясы мен сумен жабдықтауды қоса алмаймыз, - деді үй тұрғыны.

Бұл жағдайға тап болған адамдар мердігерді айыптайды, ал мердігер тұрғындардың өздерін айыптап отыр.

Электр, жылу желісі, су арнасы - барлық құжат, тиісті актілер, салыстыру актілері, сынақ актілері - барлығы тапсырылды. Енді тұрғындардан осы желілерге одан әрі қызмет көрсету үшін келісімшарт қана қажет (...) Бұл тұрғындардың кінәсі емес. Дегенмен мүлік иелерінің бірлестігі - мемлекет жаңашылдығы. Енді ПИК - жоқ. Қорытындылай келсек, мүлік иелерінің бірлестігін тіркеу керек, ал оның өкілі тиісті қызмет көрсету органымен келісімшарт жасасуы керек. Келісімшарт жасасқаннан кейін барлық қызмет қосылады, - деді «Service СМУ» құрылыс компаниясының қызметкері Бебол Әзімхан.

Пәтер иелері Өскемен қаласының әкіміне хат жазды. Олардың айтуынша, егер мәселе жақын арада шешілмесе, олар аулада от жағып, сол жерде тамақ пісіре бастайды.