21.07.2021, 09:07

Нұр-Сұлтанда 450 қой мен 21 сиыр құрбандыққа шалынған

фото: egemen.kz

Әрбір тапсырыс берушінің құрбандығын сою барысы бейнежазбаға түсіріліп, құрбан шалушыларға жөнелтіліп отырыпты.

Құрбан айттың алғашқы күні елордада 450 қой мен 21 сиыр құрбандыққа шалыныпты деп хабарлайды Paryz.kz

ҚМДБ-ның мәліметінше, елордада құрбан шалу рәсімі таңғы сағат 08:00-де басталған. Әкімдіктің қолдауымен қала бойынша биыл 4 нысан qurban.kz жобасы аясында қызмет көрсетуге жұмылдырылған. Қаланың бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған өкілдік қызметкерлері аталған нысандардағы құрбан шалу рәсімін атқарып, аталған сайт арқылы тапсырыс берген жандардың аманатын орындаған. Әрбір тапсырыс берушінің құрбандығын сою барысы бейнежазбаға түсіріліп, құрбан шалушыларға жөнелтіліп отырыпты.

Тағы оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев құрбандық шалды

Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 450 қой және 21 сиыр құрбандыққа шалынды. Құрбандық еттері сол жерден бірден бөлшектеліп, арнайы пакеттерге салынып, еріктілер арқылы мұқтаж жандардың мекен жайларына жол тартты. Игілікті шара айт мерекесі бойы, яғни үш күнге созылады, - делінген ақпаратта.