Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

"Ұтысқа ие боласың": 21 жастағы түркістандық 55 елордалықты алдап кеткен

Полицияның хабарлауынша, пандемия кезінде интернетте осы секілді жеңіл ақша табуға шақыратын жалған хабарламалар көбейіп кеткен.

"Ұтысқа ие боласың": 21 жастағы түркістандық 55 елордалықты алдап кеткен
фото: ашық дереккөз

21 жастағы Түркістан облысының тұрғыны 55 астаналыққа сан соқтырып кетті. Ол спорттық ұтысқа ақша тігіп, баюдың оңай жолын ұсынған деп хабарлайды Paryz.kz.

Жас жігіт Instagram парақшасында спорттық ұтысқа ақша тігіп, 100% ұтысқа ие болу туралы хабарлама жариялаған. Алаяқ елордалықтарды спорттық бәсекеге ақша тігуге көндіріп, олардан электронды әмиянына ақша жіберуін сұраған. Және бәсекеден түскен пайданы тәулік ішінде жіберуге уәде беріп, ақшаны алған соң, алданған азаматтардың байланыс нөмірлерін бұғаттап тастаған. Тергеу барысында анықталғандай, ол азаматтың ұтыс тігуге еш қатысы жоқтығы және жұрттан түскен ақшаны өз қажетіне жаратқаны белгілі болды. Жедел іздестіру шарасы нәтижесінде алаяқ ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Ол келтірген шығынның көлемі 3 500 000 теңгені құрайды, - делінген Нұр-Сұлтан қалалық ПД таратқан хабарламада.

Полицияның хабарлауынша, пандемия кезінде интернетте осы секілді жеңіл ақша табуға шақыратын жалған хабарламалар көбейіп кеткен.

Оның ешқандай талабы жоқ, тек ақша жіберсе болғаны. Өкінішке қарай, кейбір азаматтар жеңіл табыс табу жолында алданып қалып жатады. Осы орайда интернетте жарияланған хабарламалардың растығын жіті тексерген жөн, - деп хабарлайды департаменттен.