Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Екпе алып, денсаулығымызды сақтайық»

Оралда 200 мыңнан аса тұрғын коронавирусқа қарсы вакцина алған.

«Екпе алып, денсаулығымызды сақтайық»

Орал қаласында қазіргі уақытта індетке қарсы екпе алуға белсенділік танытқандар қатары көбейді. Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастау алған науқан бойынша бүгінге дейін 215 461 адам вакцинаның бірінші компонентін алған. 42 056 тұрғын – екінші компонентпен егілді.

Екпе алғандардың бірі Гүламан Исмағұлова есімда қала тұрғыны. Қалалық полиция басқармасында қызмет жасайтын ол COVID-19-дың алдын алу және онымен күресудің бірден-бір жолы вакцина алудың маңызы туралы пікірін жеткізіп, жерлестерін індетті бірлесе жеңуге шақырды.

  – Орал қаласы Полиция басқармасының жеке құрамы, өзім де вакцина алдым. Мекен-жайым бойынша №5 емханаға барып, кезекке тұрып, «QazCovid-in» вакцинасын алып қайттым. Бұл ең бірінші жеке басымыздың денсаулығын сақтаудың алғашқы қадамы. Одан әрі отбасы, үйдегі бала-шағамыздың дін амандығы. Менімен қатар қызмет ететін жастар да аяқтай келіп, вакцина алды. Мемлекет тарапынан денсаулықты сақтау іс-шаралары қарқын алды. Екпе алып, денсаулығымызды сақтайық. Ұрпақтарымыздың жақсы өмірі үшін ата-бабаларымыз өмір бойы күресті. Біз де бала-шағымыздың қамы, бақытты болашағы үшін өмір сүрейік, – дейді Гүламан Исмағұлова.

Санитариялық-эпидемиологиялық мамандардың мәлімдеуінше, қазіргі уақытта облыста Спутник-V, QazVac, Hayat-Vax, QazCovid-in вакциналары бар. Қала бойынша 30 екпе егу пункті жұмыс жасауда. «City Center» сауда орталығының алдында жылжымалы егу пункті күн сайын қызмет көрсетеді. 

Томирис СҰЛТАН