Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Пандемияда көмек ретінде бөлінген 160 млн теңгені жымқырған

Тергеу жалғасып жатыр.

Пандемияда көмек ретінде бөлінген 160 млн теңгені жымқырған
фото: ашық дереккөз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, лауазымды тұлға бір топ адаммен бірге 2018-2021 жылдар аралығында бюджет қаражатын қалтасына басып отырған деп хабарлайды Paryz.kz.

Түркістан облысы Арыс қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары ұсталды.

Ол мемлекет қаржысын өзінің жақын туыстары мен таныстарының есепшотына аударып отырған. Негізі бұл - аз қамтылған мұқтаж отбасыларды қолдауға бағытталған қаражат болатын. Салдарынан мемлекетке шамамен 160 млн теңгеден астам шығын келген, - деп мәлім етті агенттік.

Жымқырылған қаражат «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» бағдарламасы шеңберінде Арыс қаласында тұратын тұрмысы төмен отбасыларға жәрдемақы төлеуге және кей санаттағы азаматтарды пандемия, төтенше жағдай мен шектеу шаралары кезінде азық-түлік, тұрмыстық заттармен қамтамасыз етуге бөлінген еді.

Тергеу жалғасып жатыр.