"Пайдасы тиді": Назарбаев әріптестерін Металлург күнімен құттықтады

Оның пікірінше, металлургия саласындағы мамандардың еңбексүйгіштігі, қайсарлығы және табандылығы зор құрмет пен шынайы алғысқа лайық.

"Пайдасы тиді": Назарбаев әріптестерін Металлург күнімен құттықтады
фото: elbasy.kz

Нұрсұлтан Назарбаев металлургия саласының еңбеккерлері мен ардагерлерін Металлург күнімен құттықтады деп хабарлады Paryz.kz, Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап. 

Нұрсұлтан Назарбаев өз құттықтауында металлургия ұлттық экономиканың басты саласының бірі екенін, мұнда өз ісіне шын берілген, қажыр-қайраты мол, жауапкершілігі жоғары жандар еңбек ететінін атап өтті.

"Бұл – адамның мінезі мен ерік-жігері шыңдалатын, мақсатқа жету жолындағы табандылығы мен қайсарлығы қалыптасатын жер, - деді ол.

Кезінде өзім де осы өмір мектебінен өтіп, бай тәжірибе жинағанымды мақтан тұтамын. Менің кейінгі қызмет жолымда оның пайдасы тиді деп жазды Назарбаев.

Оның пікірінше, металлургия саласындағы мамандардың еңбексүйгіштігі, қайсарлығы және табандылығы зор құрмет пен шынайы алғысқа лайық.

Қазақстанның тұңғыш президенті сондай-ақ металлургтер Қазақстанның экономикалық әл-ауқатының артуына сүбелі үлес қосып келе жатқанын атап өтіп, оларға мол табыс, мықты денсаулық және бақ-береке тіледі.