Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

«Алтын Емелде» алғаш рет фототұзаққа қар барысы ілінді

«Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде алғаш рет қар барысы фототұзаққа түсті. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter парақшасында мәлімдеді.

«Алтын Емелде» алғаш рет фототұзаққа қар барысы ілінді
фото: luxfon.com

«Жақсы жаңалықпен бөліскім келіп отыр. «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде алғаш рет қар барысы көзге түсті. Жыртқыш фототұзақ объективіне ілінген. Орта Азияда сирек кездесетін сүтқоректі соңғы рет көктемде «Сайрам Өгем» ұлттық паркінде байқалып еді», - деп жазды министр

Оның айтуынша, жойылып кету алдында тұрған сұлу жануардың саны әлемде бар болғаны 4 мыңдай ғана.

«Барыстың көзге түсуі - ерекше құбылыс. Біз сирек кездесетін жануарларды барынша қорғауымыз керек. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бұл үшін бірқатар нақты шараларды қабылдап, жүзеге асырады», - деп жазды министр.
 

Қазақстан аумағында 120-130 ілбіс бар. БҰҰ ДБ Қазақстанның ерекше қорғалатын 13 аймағына бұған дейін 294 фототұзақ орнатқан.