Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Балалар бақша баптауды меңгеріп жүр

Орал қаласы Мәдени-ағарту бірлестігіне қарасты аула клубтарының тәрбиеленушілері бау-бақша баптаудың қыр-сырын үйреніп жүр.

Балалар бақша баптауды меңгеріп жүр

Балаларды еңбекке тәрбиелейтін «Жасыл желек әлемінде» атты бау-бақша лагері биыл қолға алынған ерекше жоба. Орал қаласы әкімдігінің қолдау көрсетуімен Мәдени-ағарту бірлестігіне қарасты Ет комбинаты шағынауданында орналасқан «Арай» комьюнити орталығы ауласынан бақша салу үшін арнайы орын дайындалып, қарбыз, қауын, қызанақ, қияр, аскөк, ақжелкен, баялды, сәбіз сынды көкөністер егілді.

Қазіргі  уақытта лагерьде түрлі аула клубтары мен комьюнити орталықтардан 50-ге жуық бала қамтылған. Олар жасыл желектер әлемі туралы таным-түсініктерін кеңейтіп, кезекшілікпен бақшаны күтіп-баптаумен айналысып келеді. Ал күзгі жиын-терім кезінде өздері баптаған көкөністердің өнімдерін бөлісіп алмақ.

Томирис СҰЛТАН