Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Орал қаласында 700 оқушы қоғамдық жұмыспен қамтылып отыр

Қоғамдық жұмыс Орал қаласындағы 47 мектепте ұйымдастырылуда. Еңбекпен қамтылған шәкіреттер мектеп аулаларын абаттандыруға, іс-қағаздары мен кітапханадағы кітаптарды реттеуге көмектесуде, деп хабарлайды Paryz.kz, Орал қаласының білім беру бөліміне сілтеме жасап.

Орал қаласында 700 оқушы қоғамдық жұмыспен қамтылып отыр

«Менің  аулам – менің  бағым» идеясы шеңберінде қалалық білім беру бөлімінің бастамасымен №32, №37, №46, №48, №49, Серебряков мектебі және Эстетикалық бағыттағы гимназияда «Мектеп. Алма бақ. Оқушы»  жобасы бойынша мектеп аулаларында түптендірілген алма бақтарын күтіп-баптайды.  

Қоғамдық жұмыспен қамтылғандарға қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы 42 500 теңгеден еңбекақы төленеді. Еңбек шартына сәйкес оқушылардың жұмыс уақыты жас ерекшеліктеріне қарай аптасына 36 сағаттан аспайды.

Жоба арқылы жасөспірімдердің демалыс уақытын тиімді пайдаланып, еңбекқорлыққа баулу көзделген. Еңбек маусымы қыркүйекке дейін жалғасады.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 22-бабының 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарға оқудан бос уақытта студенттердің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары қоғамдық жұмыстарға қатыса алады.

Гульдана Досымханова