Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Жаңаөзенде 300-ге тарта жұмысшы наразылыққа шықты

Күзет кеңсесін қоршауға алған наразы топ басшылық шығып, жауап берсін деп тұрып алды.

Жаңаөзенде 300-ге тарта жұмысшы наразылыққа шықты
фото: видеодан скриншот

Жаңаөзенде "KMG Security" компаниясының 300-ге тарта жұмысшысы наразылыққа шықты. "ӨзенМұнайГаз" компаниясының өндіріс ошақтарын күзететін жұмысшылар басшылық тез арада жалақыны көбейтіп берсін деген талап қойып отыр. Келіспеген жағдайда барлығы бір ауыздан жұмысқа шығудан бас тартпақшы, деп хабарлайды Paryz.kz, 31 телеарнаға сілтеме жасап.

"KMG Security" компаниясының 300-ге жуық күзетшісі кеңсе алдына жиналып, талаптарын айтты. Олар жалақымыз кемінде 150 мың теңгеге көтерілмей, жұмысқа шықпаймыз деп отыр. Сондай-ақ әрбір мереке сайын қосымша сыйақы төлеуді талап етеді. Айтуларынша, азық-түлік қымбаттағалы азғантай ғана айлықтары ештеңеге жетпей қалған.

Күзет кеңсесін қоршауға алған наразы топ басшылық шығып, жауап берсін деп тұрып алды. Бірақ қызметкерлерімен тілдесіп, төбе көрсеткен ешкім болмады.Тіпті мекеменің табалдырығын аттау да мүмкін болмаған.

Тағы оқи отырыңыз: Жаңаөзенде жұмысшылар ереуілге шықты

Ақыры, шұғыл жиналыстан қазір ғана шыққанын айтып, көп күттірген компания директоры да келді. Ол жұмысшылардың арызы орынды дейді. Айтуынша, айлық жалақыларын көтеру мәселесі де қаралыпты.

“Жігіттерге айттым. Арыз жазыңдар дедім. Жұмыстарыңнан қалмаңдар. Просто бұл вопростар через Астана шешілетін вопростар. Көбінің екінші жұмыстары бар. Бұларға сутка істеген ыңғайлы. Сондай істегісі келеді, – дейді "KMG-Security" ЖШС директоры Аман Темірәлиев. 

Оның айтуынша, бұл мәселе бұған дейін де көтеріліпті. Бірақ дәл жалақыны көтеретін кезде елді індет жайлап, кейінге шегерілген екен. 

Ал ашуға булыққан күзетшілер айлық өспей, жұмысқа шықпаймыз деп отыр.