Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Мамин 4 өңірде карантиндік шараларды күшейтуді тапсырды

Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай күрделі. COVID-19-бен сырқаттанушылар саны артуда. Коронавирустың дельта штаммының өсуі барлық аймақта тіркелген.

Мамин 4 өңірде карантиндік шараларды күшейтуді тапсырды
фото: дереккөз

Премьер-министрі Асқар Мамин ел аумағында коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысын өткізді деп хабарлайды Paryz.kz, Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, өңірлердегі ахуал туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, сондай-ақ, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан баяндады.

Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай күрделі. COVID-19-бен сырқаттанушылар саны артуда. Коронавирустың дельта штаммының өсуі барлық аймақта тіркелген.

Вирустың репродуктивтік индексі – 1,2, инфекциялық төсек орын жүктемесі – 43%, реанимациялық төсек орын – 35%. Коронавирустың таралу қарқыны бойынша 12 өңір «қызыл аймақта» тұр: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары. «Сары аймақта» Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстары, «жасыл аймақта» – Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары тұр.

Бүгінгі таңда 4,6 млн-нан астам адам немесе вакцина алуға жататын адамдардың %-ы 46,5 бірінші компонентті, 2,5 млн-нан астам адам екінші компонентті алды. Халықты вакцинамен қамтудың ең төмен көрсеткіші Маңғыстау облысында – 23,6%, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында 39%-дан байқалады. ВАК ел бойынша сырқаттанушылық пен өлім-жітімнің 55%-ын құрайтын Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында, Қарағанды және Атырау облыстарында карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдады: «Ashyq»-қа қатысатын объектілерді қоспағанда, қалааралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және микроавтобус тасымалдары уақытша тоқтатылады.

Жабық жағажайлар мен аквапарктардың, аттракциондардың қызметі тоқтатылады. Демалыс күндері «Аshyq»-қа қатысатынына қарамастан, қоғамдық көліктің, СОСО-ның, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, спорт объектілерінің (спорт кешендерінің, спорт мектептерінің, спорт клубтарының, жаттығу залдарының), қоғамдық тамақтану объектілерінің, фудкорттардың (тамақ жеткізумен жұмыс істеуге рұқсат етіледі), фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтардың, спорттық-сауықтыру нысандарының, сауналардың, моншалардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің, кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармониялардың, цирктердің, алаңы 1000 м² асатын азық-түлік емес тауарларды сататын объектілердің, ашық және жабық базарлардың, компьютерлік клубтардың, боулингтердің, бильярдтың, караокенің, түнгі клубтардың, білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының, балалардың ойын-сауық орталықтарының, банктердің, ХҚКО-лардың, Қазпошта бөлімшелерінің, діни нысандардың жұмысына тыйым салынады. Жұмыс күндері сағат 17:00-ге дейін балалар ойын-сауық орталықтарының (ойын алаңдары, жабық ғимараттардағы аттракциондар), СОСО, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, ашық және жабық базарлардың қызметі шектелген.

Жұмыс күндері сағат 17:00-ге дейін («Ashyq» қатысушылары – сағат 20:00-ге дейін) қоғамдық тамақтану объектілерінің, фудкорттардың, фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтарының, спорт объектілерінің, бассейндердің, кинотеатрлардың қызметі шектеледі. Вакцина алған және соңғы 3 ай ішінде коронавирустан жазылып шыққан адамдарды қоспағанда, барлық ұйымдардың 80% қызметкері үшін қашықтан жұмыс істеу форматы енгізіледі.

Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне, орталық мемлекеттік органдарға денсаулық сақтау жүйесінің ресурстарын жұмылдыру, оның ішінде резервтік төсек-орындарды, дәрі-дәрмектерді, жеке қорғаныш құралдарын, медициналық жабдықтар мен кадрларды қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдауды тапсырды.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек жұмысына ерекше назар аудару керек. Премьер-министр өңірлердің әкімдіктеріне, әсіресе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында вакциналау қарқынын күшейтуді тапсырды.