Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Қиындықтан қорықпаймын": Болат Әбілевті ҰҚК-ге жұмысқа шақырыпты

Теңіз мұнай кенішінде де жұмыс істеп көргенін айтқан.

"Қиындықтан қорықпаймын": Болат Әбілевті ҰҚК-ге жұмысқа шақырыпты
фото: ашық дереккөз

Белгілі кәсіпкер, меценат, саясаткер Болат Әбілев Арманжан Байтасовтың Baitasssov Live арнасына сұхбат беріп, шахтада қалай жұмыс істегенін, қалай бизнес бастағанын айтқан деп хабарлады Paryz.kz, Nege.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бірер жыл бұрын «саясаттан уақытша кетемін» деп мәлімдеген Болат Әбілев көптен көрінбей кеткен еді. Кәсіпкер сол «тыныштықты бұзып», сұхбат берген. 

Сұхбаттың бірінші бөлімінде Б.Әбілев қандай отбасынан шыққанын, шахтада жұмыс істеген кездегі көрген қиындықтарын, Теңіз мұнай кенішінде де жұмыс істеп көргенін айтқан.

Шахтада істедім, қиындықтан қорықпаймын. Құрал-жабдықты аяғымызға байлап алып, оны жеткізетін жерге дейін еңбектеп апаратынбыз. Сонда «Мен мұнда не істеп жүрмін?» деп ойладым. Маған кандидаттық дисертация жазуды ұсынды, «ҰҚК-ге жұмысқа кір» деді, Советтік, партиялық органдарға баруды ұсынғандар болды. Жоқ, мен шахтаны таңдадым. Өзімді әр салада сынап көргім келді. Сөйттім де Құлсарыдан бір-ақ шықтым, – деді Болат Әбілев.